jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

    ForteBank жарғылық капиталды ұлғайтты: Директорлар кеңесі қосымша акциялар шығаруды мақұлдады

    ForteBank
    Фото: ForteBank

    ForteBank АҚ 2026 жылғы 12 мамырда Банктің Директорлар кеңесі жарияланған акциялар саны шегінде 4 168 359 147 жай акцияны орналастыру туралы шешім қабылдағанын хабарлайды. Тартылған қаражат экономиканың нақты секторын кредиттеуді кеңейтуге және шағын және орта бизнесті қаржыландыру бағдарламаларын дамытуға бағытталады, деп хабарлайды ForteBank.

    Бұл шешім Банктің бизнесін әрі қарай дамытуға, қызмет ауқымын кеңейту мен капиталдық базаны нығайтуға бағытталған. Капиталды ұлғайту бизнеске кредит беруді арттыруға мүмкіндік береді, ал бұл бағыт Қазақстан экономикасының тұрақты өсімінің негізін қалыптастырады.

    Басымдықпен сатып алу құқығы бар акционерлер тізімі Директорлар кеңесінің шешімі қабылданған күні, яғни 2026 жылғы 12 мамырда "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ арқылы жасақталды.

    Акционерлер орналастыру туралы хабарланған күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде акцияларды сатып алуға өтінім бере алады. Сатып алынатын акциялардың төлемі өтінім берілген күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылады. Басымдықпен сатып алу ресімінің қорытындысы бойынша орналастырылмай қалған акциялар белгіленген сату бағасы бойынша ұйымдастырылған немесе ұйымдастырылмаған нарықта орналастырылатын болады.

    "ForteBank" АҚ Қазақстандағы жүйе қалыптастырушы банктердің қатарында және ел экономикасын қаржыландырудағы өз позициясын тұрақты нығайтып келеді.

    Капиталдық базаны ұлғайту туралы шешім - Банктің 2025 жылы бекітілген өсу стратегиясының жалғасы.

    Жыл қорытындысы бойынша ForteBank рекордтық қаржылық көрсеткіштерді көрсетті: 2025 жылғы таза пайда 191,0 млрд теңгені, ал меншікті капиталдың рентабельділігі (ROE) 32,9 пайызды құрады. Бұл ретте Банктің активтері 49 пайызға артып, 6,1 трлн теңгеге жетті.

    2025 жылы ForteBank капитал нарықтарында бірқатар маңызды мәмілені жүзеге асырды. Атап айтқанда, Банк Home Credit Bank АҚ‑ның 100 пайыз акцияларын сатып алу жөніндегі мәмілені аяқтады, Қазақстан тарихындағы алғашқы AT1‑облигациялар шығарылымын 400 млн АҚШ доллары көлемінде орналастырды, сондай‑ақ 750 млн юань көлемінде синдикатталған қарыз тартты (қазақстандық коммерциялық банк үшін алғашқы осындай мәміле) және 14 халықаралық банктің қатысуымен 200 млн АҚШ доллары көлемінде синдикатталған қарыз алды.

    Қосымша акциялар эмиссиясы Банктің капитал көздерін әртараптандыру және қаржылық тұрақтылығын нығайтуға бағытталған жүйелі жұмысының келесі кезеңі болады.

    ForteBank – корпоративтік, бөлшек және ШОБ клиенттеріне кең ауқымды қызмет көрсететін Қазақстандағы ірі жекеменшік банктердің бірі. Банк активтер мен капитал көлемі бойынша нарықтағы көшбасшылар қатарынан орын алып, цифрлық шешімдерді қарқынды түрде енгізіп келеді. Орнықты қаржыландыруды қамтамасыз етеді әрі инновациялар мен клиенттерге қызмет көрсету сапасы үшін халықаралық марапаттарға ие.

    "ForteBank" АҚ туралы

    "ForteBank" АҚ – Қазақстандағы жетекші банктердің бірі, бөлшек, ШОБ және корпоративтік клиенттерге қызмет көрсетудің толық спектрін ұсынады. Банк тұрақты дамуды көздейтін стратегияны жүйелі түрде іске асырып, цифрлық қызметтерді жетілдіреді және экономиканың негізгі бағыттарын қолдайды.

    *ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі "ForteBank" АҚ-ға 03.02.2020 ж. берген №1.2.29/197/36 лицензия.

    **PR құқығында

    ForteBank жарғылық капиталды ұлғайтты: Директорлар кеңесі қосымша акциялар шығаруды мақұлдады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.