Home Credit Bank өңірлік бизнесті дамытуға көмектесуде
Жарияланған күні:
Петропавл қаласында шағын және орта бизнес өкілдері, сарапшылар мен сала көшбасшылары бизнесті дамытуға арналған өзекті құралдарды, цифрлық трансформацияны және кәсіпкерлік құзыреттерді арттыру мәселелерін талқылау үшін бас қосты. Business Upgrade форумы Home Credit Bank-тің қолдауымен өтті.
Форум Qyzyljar Creative Center алаңында ұйымдастырылып, оған қаржы секторының, маркетингтік агенттіктердің, IT-компаниялардың, консалтингтік ұйымдардың және кәсіпкерлікті қолдау институттарының өкілдері қатысты. Бизнес-форум Солтүстік Қазақстан өңіріндегі бизнестің тұрақты дамуына ықпал ететін заманауи құралдарды енгізу, тәжірибе алмасу және жаңа серіктестік байланыстарды дамыту мақсатында ұйымдастырылды.
Home Credit Bank қаржылық сауаттылықты арттыруға және кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған бастамаларды жүйелі түрде қолдап келеді. Бұл Банктің басым бағыттарының бірі болып табылады. 2026 жылы банк қаржыны тиімді басқаруға, практикалық дағдыларды дамытуға және қаржылық шешімдерді саналы әрі жауапкершілікпен қабылдауға ықпал ететін білім беру жобаларына ерекше назар аударып отыр.
"Қазіргі таңда бизнес пен жұмыс істейтін азаматтардың барлығы өзгерістерге үнемі бейімделіп отыруы тиіс. Сондықтан оларға тек қаржылық құралдар ғана емес, сонымен бірге практикалық білім де қажет. Бүгінде әр адам өз қызмет саласына қарамастан банктік құралдарды қолданады. Дегенмен бәрі бірдей банктік өнімдердің артықшылықтарын немесе алаяқтық схемалармен байланысты қауіптер мен тәуекелдерді біле бермейді. Мұндай форумдар қатысушыларға өзекті сараптамалық білім алуға, пайдалы іскерлік байланыстар орнатуға және бизнесті дамытуға арналған жаңа мүмкіндіктерді ашуға мүмкіндік береді. Осындай бастамаға қатысу біз үшін үлкен қуаныш. Бұл жоба тұрғындардың қаржылық сауаттылығын арттырып қана қоймай, Солтүстік Қазақстан облысындағы кәсіпкерлік қауымдастықтың дамуына әсер етеді", - деді Home Credit Bank-тің Петропавл қаласындағы филиалының директоры Еркебұлан Есжанов.
Business Upgrade форумының ұйымдастырушылары – Qyzyljar Creative Center және өңірлік IT-хаб SKO Hub инновацияларды қолдау және бизнестің цифрлық трансформациясын дамыту бағытында да белсенді жұмыс жүргізуде. Мысалы, Business Expo көрме аймағында бизнесте қолданылып жүрген шешімдермен танысуға, мамандардан кеңес алуға және өңірлік нарық қатысушыларымен пайдалы іскерлік байланыстар орнатуға мүмкіндік болды. Home Credit Bank аймағында қатысушылар жеке тұлғалар мен кәсіпкерлерге арналған өнімдер мен қызметтермен танысып, қаржыны тиімді басқаруға, жеке мақсаттарды іске асыруға және бизнесті дамытуға мүмкіндік беретін заманауи қаржылық құралдар туралы ақпарат алды.
Форум бағдарламасының басты оқиғасы бизнес өкілдері мен салалық сарапшылардың қатысуымен өткен Business Talk сараптамалық сессиясы болды. Спикерлер практикалық тәжірибелерімен бөлісіп, үнемі өзгеріп отыратын нарық жағдайында тәуекелдерді басқару, жеке брендті дамыту, қызметерлермен жұмыс істеу және клиенттерді тарту мәселелерін талқылады.
Қатысушылар үшін арнайы іс-шаралар ұйымдастырылып, іс-шара серіктестері, соның ішінде Home Credit Bank тарапынан сыйлықтар ұтыс ойыны өткізілді. Сонымен қатар, қонақтар өз кәсіби дағдыларын дамытуға және бизнесті дамытуға арналған сарапшылар кеңесі, сертификаттар және басқа да пайдалы сыйлықтарды ұтып алу мүмкіндігіне ие болды.
Business Upgrade кәсіпкерлер, сарапшылар және қаржы нарығының қатысушылары арасындағы ашық диалог орнатуға мүмкіндік беретін тиімді алаңға айналды. Home Credit Bank-те халық пен кәсіпкерлердің қаржылық сауаттылығын арттыруға арналған білім беру бастамаларын қолдау алдағы уақытта да банктің негізгі басым бағыттарының бірі болып қала беретінін атап өтті.
*Банк қызметі Қазақстан Республикасында лицензияланады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/nurfin/banks/2389075-home-credit-bank-ongirlik-biznesti-damytuga-komektesude/