jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

    Кеңседен ательеге дейін: Қызылорда тұрғыны Halyk қолдауымен өз кәсібін қалай бастады

    Halyk Bank
    Фото: Halyk Bank

    Кейде арманның орындалуы үшін шабыттан гөрі батыл қадам жасау маңызды. Мария Маусымбаева да осындай шешімге келу үшін жиырма жылдан астам уақытын арнады.

    Көп жыл бойы жалдамалы қызметте еңбек еткен ол жеке кәсібін ашуды үнемі кейінге қалдырып келді. Алайда өз ательесін ашып, сүйікті ісімен айналысу арманы ешқашан сөнген емес. 2021 жылдың мамырында Мария Қызылорда қаласынан өндірістік орын алып, "Найзағай" ательесін дамытуға кірісті. Бұл қадам оның ғана емес, бүкіл отбасының өмірін өзгертті.

    Бүгінде ателье – операциялық қызметін қызы басқаратын отбасылық кәсіпке айналған. Анасы мен қызы бірлесіп өндіріс көлемін арттырып, көрсетілетін қызмет түрлерін кеңейтуде. Тұтынушылар мұнда тек киім тіктіру үшін емес, сапалы қызмет пен сенімді нәтижеге қол жеткізу үшін келеді.

    Кәсіпті дамытуға Halyk "Әйел кәсіпкерлігі" бағдарламасы қолдау көрсетті. Айналым қаражатын толықтыруға берілген қаржыландыру үйлену тойлары мен түрлі іс-шаралар маусымына алдын ала дайындалуға мүмкіндік берді.

    "Қаржыландырудың арқасында біз маталар мен қажетті материалдарды уақытылы сатып алып, өндіріс көлемін ұлғайттық және қызмет көрсету аясын кеңейттік. Отбасылық бизнес үшін бұл өсудің және болашаққа сенімді қадам жасаудың маңызды кезеңі болды", - дейді Мария Маусымбаева.

    Алынған қаражат маталар мен өзге де материалдарды сатып алуға, өндірістік алаңды кеңейтуге және клиенттерге қызмет көрсету сапасын арттыруға жұмсалды.

    Марияның оқиғасы көп жылдық тәжірибе табысты бизнестің берік іргетасына айнала алатынын көрсетеді. Ал отбасының қолдауы мен қаржыландыруға қолжетімділік жақсы идеяны тұрақты әрі табысты кәсіпке айналдыруға мүмкіндік береді.

    Бүгінде әйел кәсіпкерлер Halyk шағын және орта бизнес клиенттері портфелінің жартысына жуығын құрайды. Олардың арасында шағын идеядан, отбасылық кәсіптен немесе ұзақ уақыт бойы кейінге қалдырылған арманнан бастаған кәсіпкерлер аз емес.

    Halyk әйелдер кәсіпкерлігін қолдау тек қаржыландырумен шектелмейтінін атап өтеді. Банк кәсіпкерлерге бизнесті дамыту, қаржыны тиімді жоспарлау және жобаларды кеңейту бағытында да қолдау көрсетеді.

    2018 жылдан бері Halyk "Бизнестегі әйелдер" бағдарламасын жүзеге асырып келеді. Осы уақыт аралығында 600-ден астам кәсіпкер жылдық 5-10% мөлшерлемемен қаржыландыру алды. Әйелдер кәсіпкерлігін қолдауға банк 8 миллиард теңгеден астам қаражат бөлді.

    Бұл оқиға әйелдер кәсіпкерлігінің әлеуметтік құбылыс қана емес, экономикалық өсудің маңызды қозғаушы күштерінің бірі екенін айқын көрсетеді.

    *Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігі берген бағалы қағаздар нарығында банктік және басқа операциялар мен қызметті жүргізуге 2023 жылғы 23 маусымда № 1.2.47/230/38/1.

    Кеңседен ательеге дейін: Қызылорда тұрғыны Halyk қолдауымен өз кәсібін қалай бастады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.