jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Қазақстанда 19 шілдеде бірыңғай QR-код жүйесі іске қосылады

    QR-кодпен төлеп жатқан клиент
    QR-код. Иллюстрациялық фото: Davide Pischettola/NurPhoto via Getty Images

    Бүгін Ұлттық банкте 19 шілдеден бастап іске қосылатын бірыңғай QR-код жүйесі таныстырылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Ұлттық банктің мәліметінше, 2026 жылғы 19 шілдеде Қазақстанда банкаралық мобильді төлемдер жүйесі (БМТЖ) ел көлемінде ресми түрде іске қосылады.

    "Осы күннен бастап жүйеге қатысушы банк клиенттері телефон нөмірі арқылы басқа банктің клиенттеріне лезде ақша аударып, сатып алушы мен сатушы қай банк клиенті екеніне қарамастан, QR-код арқылы да тауар мен қызмет ақысын төлей алады. Аударымдар мен төлемдер тәулік бойы нақты уақыт режимінде орындалады.

    БМТЖ кәсіпкерлерге жүйеге кірген барлық банктің клиенттерінен бір ғана QR-код арқылы қолма-қол ақшасыз төлем қабылдауға мүмкіндік береді.

    Ол үшін жаңа жабдық орнатудың қажеті жоқ, қызмет қолда бар терминалдармен көрсетіле береді. Ал мобильді қосымшаларды жаңарту мәселесі бойынша қызмет көрсетуші банктің өзіне жүгіну қажет", - делінген хабарламада.

    Қазақстанда 19 шілдеде бірыңғай QR-код жүйесі іске қосылады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.