jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

    Freedom банктің жинақтаушы ипотекасына 213 млрд теңгеге өтінім қабылданды

    Freedom Bank
    Көрнекі фото: Freedom Bank

    Freedom банкі BI Group инвестициялық-құрылыс холдингімен бірлесіп Korkem жинақтаушы ипотекасын іске қосты. 2026 жылғы 4 тамыз, Алматы – Freedom мен BI Group-тың бірлескен жинақтаушы ипотекасы бойынша өтінімдерді қабылдаудың алғашқы кезеңі 2026 жылғы 9 шілдеде басталды. Осы уақыт ішінде жалпы сомасы 213 млрд теңгеге өтінім қабылданды. Мақұлдау алған және BI Group-тың тұрғын үйін таңдаған алғашқы клиенттер Freedom-нан қаржыландыру алды.

    Қазіргі уақытта өтінімдерді қабылдаудың екінші кезеңі басталды, ол 20 тамызға дейін жалғасады.

    Жаңа бағдарлама бастапқы тұрғын үйді сатып алуға арналған ипотекалық кредит берудің тартымды шарттарын ұсынады. Бағдарлама шарттарына сәйкес бастапқы жарна тұрғын үй құнының 30%-ын құрайды, ал кредиттің бірінші кезеңіндегі сыйақы мөлшерлемесі жылдық 10,5%-дан 14,5%-ға дейін (ЖТСМ – жылдық 11,01%-дан 15,49%-ға дейін). Екінші кезеңге өткеннен кейін (таңдалған мерзім шеңберінде қарыз сомасының 50%-ы жинақталған соң) мөлшерлеме жылдық 10%-ға дейін төмендейді (ЖТСМ – жылдық 11,00%-дан 15,96%-ға дейін). Бұл ретте клиенттің бастапқы жарнасы жылдық 7% мөлшерлемемен (ЖТСМ – 7,00%) депозитке орналастырылады. Бұл – бағдарламаның маңызды артықшылығы, өйткені есептелетін сыйақы қарыз сомасының 50%-ын тезірек жинақтауға мүмкіндік береді. Бұл тиімділік әсіресе жинақтау мерзімі ұзақ болған жағдайда, атап айтқанда 96 айлық мерзімде айқын байқалады. Бұл жағдайда сатып алынатын тұрғын үй құнының 50%-ына жету үшін қажетті соманың қалған бөлігі банк есептейтін сыйақы есебінен қалыптастырылады. Нәтижесінде клиентке пәтер құнының небәрі 30%-ы көлемінде өз қаражатының болуы жеткілікті, ал қалған 20%-ы банк депозит бойынша есептейтін сыйақы есебінен қалыптасады. Осылайша, банк клиентке қажетті қаражатты жинақтауға көмектеседі.

    Клиенттердің ыңғайлылығы үшін Freedom банктегі шотты бірнеше тәсілмен толықтыруға болады: басқа банктегі шоттан деректемелер арқылы аудару, P2P-аударым жасау немесе банк бөлімшесі арқылы. Бұл ретте таңдалған толықтыру тәсіліне байланысты қаражаттың шотқа түсуі 3 жұмыс күніне дейін созылуы мүмкін екенін ескерген жөн.

    Қазіргі уақытта жинақтаушы ипотека пилоттық режимде іске қосылған. Пилоттық кезең аяқталғаннан кейін өнімнің баламалы шарттары да қолжетімді болады. Атап айтқанда, клиент белгіленген мерзім ішінде сатып алуды жоспарлаған пәтер құнының 50%-ын жинақтаған жағдайда, ипотекалық қарызды жылдық 5%-дан бастап (ЖТСМ – 5,11%-дан бастап) мөлшерлемемен алу мүмкіндігі ұсынылады.

    "Үш жыл бұрын дәл біздің команда банктегі ең күрделі өнімдердің бірі – ипотеканы толықтай цифрлық форматқа көшіргенін мақтан тұтамыз. "Бүгін біз BI Group жылжымайтын мүлік нысандарының витринасын біріктіре отырып, жинақтаушы ипотека элементтері енгізілген өнімнің жаңа нұсқасын ұсынып отырмыз. Алдағы уақытта жаңа ипотеканың функционалы мен шарттары кезең-кезеңімен кеңейтілетін болады. Сонымен қатар, қазіргі кезеңде бұл өнім тек Банктің меншікті қаражаты есебінен қаржыландырылатынын атап өткен жөн", - деп атап өтті Freedom банкінің Директорлар кеңесінің мүшесі Айдос Жұмағұлов.

    Банктің өтінімдерді қарау кезеңінде Freedom SuperАpp мобильді қосымшасында қолжетімді Freedom Rating сервисінің ішіндегі клиенттің рейтингі ескерілетінін атап өту маңызды. Бұл – клиенттің белсенділігін бағалаудың шартты жүйесі, оның негізінде тұрғын үй сатып алуға арналған кредитті беру кезектілігі қалыптастырылады. Рейтингтің ең маңызды критерийлерінің бірі – клиенттің Freedom банкінің жалақы жобасына қатысуы. Жалақысын Freedom арқылы алатын клиенттер осы критерий бойынша ең жоғары бағалауға ие болады, бұл олардың жалпы рейтингін едәуір арттырып, ипотекалық кредит рәсімдеу кезегінде басым орын алу ықтималдығын көбейтеді. Бұл шешімді енгізу өнімге деген жоғары сұранысқа және банктің Freedom экожүйесінің адал клиенттеріне қосымша артықшылықтар ұсынуға деген ұмтылысына байланысты жүзеге асырылды. Сонымен қатар Freedom Rating деңгейі күн сайын жаңартылатынын және ипотекалық қарыз алу кезінде шектеуші фактор болып табылмайтынын атап өткен жөн.

    Сонымен қатар жақын арада Freedom SuperApp қосымшасында BI Group тұрғын үй нысандарының витринасы және тұрғын үйді тегін брондау мүмкіндігі бар эксклюзивті сатылымдар қолжетімді болады.

    Жинақтаушы ипотеканың жалпы шарттары:

    • қарыз алушының жасы – өтінім берген кезде 21-ден 55 жасқа дейін, ал кредит мерзімі аяқталған кезде 70 жастан аспауы тиіс;
    • қазіргі таңда қарыздың ең төменгі сомасы – 6 000 000 теңге;
    • өтеу кестесі – клиенттің таңдауы бойынша аннуитеттік немесе сараланған;
    • валютасы – теңге;
    • қарызды қарастырғаны үшін комиссия алынбайды;
    • төлем қабілеттілігі скоринг жүйесі арқылы айқындалады;
    • сақтандыру талап етілмейді;
    • ішінара немесе мерзімінен бұрын өтеуге айыппұлдар мен комиссияларсыз рұқсат етіледі.

    Ипотека – адамның өміріндегі ең маңызды қаржылық шешімдердің бірі. Банк ипотекалық қарызды рәсімдеуге жауапкершілікпен қарауды, кредит беру шарттарымен мұқият танысуды, өз қаржылық мүмкіндіктеріңізді объективті бағалауды және Шарт бойынша міндеттемелерді орындауға байланысты ықтимал тәуекелдерді ескеруді ұсынады. Ипотекалық қарыз бойынша міндеттемелерді уақытылы орындау өсімпұлдың есептелуіне және Шартта көзделген өзге де салдардың туындауына жол бермейтінін есте ұстаған жөн.

    *ҚР ҚНРДА-нің 2026 жылғы 07 шілдедегі № 1.1.551.129 Банктік және өзге де операцияларды жүзеге асыруға арналған әмбебап банктік лицензиясы.

    **PR құқығында

    Freedom банктің жинақтаушы ипотекасына 213 млрд теңгеге өтінім қабылданды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.