jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Ломбардтан алынған микронесиелер қазақстандықтардың кредит тарихына әсер етпейді

    ломбардта
    Ломбард. Көрнекі фото: miriam-doerr/Getty Images

    Қазақстанда қарыз алушылардың несие тарихына ломбардтан берілетін микронесиелер әсер етпейді. Тиісті қаулы жобасы дайындалды. KAZ.NUR.KZ тілшілері ережедегі өзгерістерді нақтылады.

    Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ломбард клиенттерінің қаржылық жағдайын жақсартуды көздейтін қаулы жобасын жариялады.

    Атап айтқанда, мүлікті кепілге қою арқылы алынған ломбард несиелері бойынша кейбір деректерді кредиттік есебінен алып тастау жоспарланып отыр:

    • ақпарат берілген күндегі қарыз мерзімі өткен күндер саны;
    • мерзімі өткен төлемдер сомасы;
    • тұрақсыздық айыбының (айыппұлдар, өсімпұлдар) сомасы;
    • соңғы төлем күні.

    Қарапайым тілмен айтқанда, жаңа ережелер бойынша ломбардтан алынған кепілді несиелердің несие тарихында мерзімі өткен төлемдер туралы мәліметтер көрсетілмейді. Шарт жабылғанға дейін есепте оның тек "Жарамды" деген мәртебесі ғана көрінеді.

    Агенттіктің мәліметінше, ломбардқа жүгінген кезде қарыз алушының кепілге қойған мүлкін қайтарып алу ниеті болмауы мүмкін. Ломбардтарға көбінесе иесі үшін құндылығын жоғалтқан зергерлік бұйымдар өткізіледі.

    Сондықтан ломбард микронесиесін өтемеу немесе мерзімінің өтіп кетуі қарыз алушының төлем қабілетсіздігін немесе қаржылық тәртібінің төмендігін білдірмейді.

    Қазіргі уақытта жоба талқылау сатысында, сондықтан жаңа ережелер әлі күшіне енген жоқ.

    Ломбардтан алынған микронесиелер қазақстандықтардың кредит тарихына әсер етпейді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.