Freedom Business Travel Орталық Азияда бірінші болып іссапар ұйымдастыратын ЖИ агентін іске қосты
Жарияланған күні:

Freedom Travel-дың Freedom Business Travel деп аталған B2B бөлімі Орталық Азияда көпшілікке бірінші болып таныстырылған іссапар ұйымдастыруға арналған AI Travel Agent деген жасанды интеллект агентін шығарды. Агент қазір Telegram және Slack мессенджерлерінде іске қосылды, ал алдағы уақытта WhatsApp пен Microsoft Teams платформаларында енгізіледі.
Енді іссапарға қажет қызметтерді іріктеуге екі минуттан көп уақыт кетпейді.
AI Travel Agent әзірге бета нұсқада қазақ және орыс тілдерінде қызмет көрсетіп отыр.
Бұрын іссапар ұйымдастыру бірнеше кезеңнен тұратын: қызметкер өзіне қажет қызметтерді сипаттайтын, кейін компанияның тревел менеджері ұшақ және пойыз билеттерін, қонақүйден орын брондайтын, олар компанияның іссапар саясаты мен лимиттеріне сәйкес екенін я емесін тексеретін. Одан кейін ұсынылған нұсқаларды қызметкермен келісіп алғаннан кейін және төлемді растаған соң билет мен ваучер рәсімдейтін.
Енді бұл процесті бірнеше хабарлама жіберіп-ақ жүзеге асыруға болады. Қызметкер жоспарланған сапарды AI Travel Agent-ке сипаттап жазып берсе болды. Жасанды интеллект агенті керек қызметтерді өзі іріктейді, қажет десе, қосымша мәлімет сұрайды, компанияның іссапар саясаты мен белгіленген лимиттерін ескере отырып сапарға керектің бәрін брондайды. Ал компанияның тревел менеджері тек төлемді мақұлдайды.
Агент қалай жұмыс істейді?
Жасанды интеллект агенті қызметкердің сұрағанын талдап, іссапарды бастан-аяқ жоспарлайды: ұшақ не пойыз билеттерін, қонақүй, трансфер мен такси сервисін іріктейді. Таңдағанда іссапардың сапасы мен қолайлылыға әсер ететін көптеген факторды ескереді.
- Қонақүйдің тұрған жері мен рейтингі – қонақүйдің әуежайға және кездесу өтетін жерге дейінгі қашықтығы мен жалпы рейтингі ескереді.
- Корпоратив тарифтері мен арнайы ұсыныстар – әуе тасымалдаушылары мен қонақүйлер ұсынатын корпоратив тарифтері мен жеңілдіктерді есептейді.
- Визаға қатысты талаптар – агент халықаралық сапар жоспарлағанда қызметкер баратын елге кіруге не қажет екенін анықтап алады. Мысалы, Қазақстан азаматтары Черногорияға 2026 жылғы 1 мамыр мен 1 қазан аралығында ғана виза алмай барып, ары кеткенде 30 күн жүре алады. Билеттерді өз бетімен брондағанда мұндай нюанстар естен шығып кетуі мүмкін.
- Сапарға қатысты пайдалы ақпарат – AI Travel Agent сапарға әсер етуі мүмкін маңызды жағдайлар бар-жоғын алдын ала ескертеді. Мысалы, жасанды интеллект баратын жерде күн ыстық болады не нөсер жаңбыр жауады, ұшып шығатын әуежайда қауіпсіздік тексерісіне көп уақыт кетеді деп ескертіп отырады.
Қызметкер берген ақпарат жеткіліксіз болса, агент қосымша мәлімет сұрайды. Ал қолайлы нұсқалар табылмаса, басқа күндер мен бағыттар ұсынады.
Әр диалогты Freedom Business Travel маманы қадағалап отырады. Билет ауыстыру немесе қайтару сияқты стандарттан тыс мәселе туып жатса, ЖИ агентін кез келген уақытта адам маманға ауыстыруға болады.
Компанияларға жаңа жүйе енгізудің не қызметкерлерді қайта оқытудың қажеті жоқ. Агент үйреншікті жұмыс процестеріне небәрі бір күнде кіріседі әрі оны енгізуге күрделі техникалық интеграция керек емес.
"Біз іссапар ұйымдастыру әріптеске хабарлама жібергендей оңай болуы керек дейміз. Компанияңыздың іссапарға қатысты қағидалары, лимиттері, келісімдері мен тарифтері сияқты бар күрделі процесті Freedom Business Travel ұсынған AI Travel Agent өз мойнына алады, ал сіздің компания тек процесті бақылайды", - деді Freedom Travel компаниясының бас директоры Игорь Бойко.
Freedom Business Travel туралы
Freedom Business Travel – Freedom Holding Corp. (NASDAQ: FRHC) экожүйесіндегі travel сервисі. Ол корпоратив клиенттердің іссапар ұйымдастыруына, ұшақ және пойыз билетін, қонақүй брондауына көмектеседі, сондай-ақ толық циклді travel менеджменті қызметін ұсынады.
*25.06.2024 жылғы ҚР ҚНРДА №1.1.108 лицензиясы.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/nurfin/banks/2408732-freedom-business-travel-ortalyq-aziiada-birinshi-bolyp-issapar-uiymdastyratyn-zhi-agentin-iske-qosty/
