jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Алматылық кәсіпкерлерге 86,5 млн теңгеге дейін жеңілдетілген несие беріледі

    Есеп жүргізіп отырған адам
    Есеп жүргізіп отырған адам. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Алматылық кәсіпкерлер енді өз кәсібін жеңілдетілген несие арқылы дамыта алады. Шағын және микробизнес өкілдеріне "Almaty Business – 2030" бағдарламасы аясында 86,5 миллион теңгеге дейін қаржы алу мүмкіндігі ұсынылып отыр, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

    Бағдарлама өндіріс, туризм, IT, креативті индустрия, білім беру және өзге де басым салалардағы жобаларды қолдауға бағытталған. Негізгі талап – кәсіпкерлік қызмет Алматы қаласында жүзеге асырылуға тиіс.

    Жоба аясында қоғамдық тамақтану саласын дамытуға да басымдық берілген. Яғни кәсіпкерлікті қолдау бастамасы арқылы қазақтың ұлттық тағамдарын ұсынатын мейрамханалар ашуға болады.

    Айта кетейік, инвестициялық мақсаттарға арналған несие 7 жылға дейінгі мерзімге, ал айналым қаражатын толықтыруға арналған несие 3 жылға дейін беріледі.

    "Шағын және орта бизнес өкілдеріне несие жылдық 9 пайызбен беріледі. Ал өндіріс пен өнеркәсіп саласындағы жобалар үшін мөлшерлеме – 6 пайыз. Қаржыландыруды "Алматы" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының еншілес ұйымы – Almaty микроқаржы ұйымы жүзеге асырады", – деді микроқаржы ұйымының кредиттеу жөніндегі бас менеджері Жанар Тасмағанбетова.

    Алматылық кәсіпкерлерге 86,5 млн теңгеге дейін жеңілдетілген несие беріледі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.