Клиенттер үшін көбірек мүмкіндік: KMF Банк алғашқы жылын қорытындылады
Жарияланған күні:

Банк лицензиясын алғанына бір жыл толған KMF Банк трансформацияның алғашқы нәтижелерін қорытындылады. Бұл өзгерістің басты нәтижесі микроқаржы ұйымынан банкке айналу фактісінің өзі емес, клиенттер үшін ашылған жаңа мүмкіндіктер. Атап айтқанда, қаржылық қызметтердің, цифрлық құралдардың артуы және өңірлердегі кең ауқымды филиалдық желінің сақталуы, деп хабарлайды KMF.
KMF Банк алғашқы жыл ішінде қызметтердің үздіксіз болуын қамтамасыз етіп қана қоймай, одан әрі даму үшін берік негіз қалыптастырды. Бүгінде клиенттер төлем карталарын пайдалана алады, ағымдағы шоттарды, оның ішінде мультивалюталық және өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған шоттарды, депозиттерді ашып, телефон нөмірі арқылы ақша аударымдарын жүзеге асырып, Бірыңғай QR арқылы төлем жасай алады. Сондай-ақ банктің мобильді қосымшасы арқылы серіктестердің сервистеріне қол жеткізуге мүмкіндік бар. Жақында банк заңды тұлғаларға арналған интернет-банкинг қызметін іске қосуды жоспарлап отыр.
Сонымен қатар KMF Банк трансформацияға дейін клиенттері үшін аса маңызды болған құндылықтарды сақтап қалды. Атап айтқанда, микро және шағын бизнеске басымдық беру, өңірлерде кең ауқымда қызмет ұсынып, бөлімшелерде клиенттерге жеке қызмет көрсету мүмкіндігі.
"Алғашқы жылдың басты нәтижесі — банктің ұзақ мерзімді перспективада тұрақты дамуына берік негіз қалау. Сондықтан біз бірінші кезекте өнімдер желісін қарқынды кеңейтуге емес, қажетті инфрақұрылымды қалыптастыруға басымдық бердік. Осындай тәсілдің арқасында операциялық қызметтің үздіксіз болуын қамтамасыз ете алдық. Соның нәтижесінде бұл кезеңде клиенттер өзгерістерді іс жүзінде сезінген жоқ", - деді KMF Банк Басқарма төрағасы Шалқар Жүсіпов.
Банк лицензиясын алу KMF Банк үшін жаңа даму кезеңінің басталуын, ал клиенттер үшін трансформация ең алдымен мүмкіндіктердің кеңеюін білдіреді. Бір жыл ішінде клиенттерге бұрыннан таныс қаржылық өнімдерге толыққанды банктік қызметтер қосылды. Осылайша, банктік мәртебеге көшу клиенттердің күнделікті қаржылық тәжірибесіне нақты әсер ете бастады. Жеке тұлғалар мен кәсіпкерлер енді бірыңғай банктік экожүйе аясында қаржылық құралдардың кеңірек спектрін пайдалана алады. Бұл ретте KMF Банк өзінің негізгі бағытын өзгертпейді, басты назар бұрынғыдай микро және шағын бизнеске, өңір тұрғындарына және әйел кәсіпкерлерге аударылады.
Бүгінде банк клиенттерінің 65 пайызы ауылдық жерлерде тұрады, ал барлық клиенттің 55 пайызын әйелдер құрайды. Банктің физикалық қатысуын шамамен 140 қызмет көрсету нүктесі қамтамасыз етеді. Ал KMF Банк Қазақстанның ең шалғай өлкелерін қоса алғанда, шамамен 4 мың елдімекенді қамтиды. Бұл клиенттерге банкпен жұмыс істеудің өзіне ыңғайлы арнасын таңдауына мүмкіндік береді, яғни қажетті мәселені мобильді қосымша арқылы өз бетінше шешуге немесе бөлімшеде маманнан жеке кеңес алуға болады.
"Біз ешқашан адамды технологиямен алмастыруды мақсат еткен емеспіз. Біз үшін цифрлық сервистер клиенттердің күнделікті өмірін жеңілдетсе, бөлімшелер ең маңызды құндылықтарды сақтайды - сенім мен жеке қолдауды. Біз заманауи технологиялар мен клиентке жақын болуды біріктіретін фиджитал-модельді болашақтың еншісінде деп есептейміз", - деп атап өтті Шалқар Жүсіпов.
Клиенттерге толыққанды банк қызметін ұсыну үшін KMF Банкке қысқа мерзім ішінде жаңа технологиялық және операциялық инфрақұрылым құруға тура келді. Трансформация кезеңінің өзінде банктің толыққанды жұмыс істеуі үшін қажетті 60-қа жуық ақпараттық жүйе енгізілді. Бұл ретте бизнес өз жұмысын тоқтаусыз жалғастырды: жүздеген мың клиент күн сайын KMF қызметтерін пайдаланып отырды.
Алғашқы нәтижелер банктің негізгі көрсеткіштерінен де көрініс табуда. Жыл басынан бері банк кредиттік портфельдің, депозиттік базаның және транзакциялық бизнестің тұрақты өсімін көрсетіп келеді. Капитал жеткіліктілігі шамамен 19 пайызды құрап, реттеушінің нормативтік талаптарынан айтарлықтай жоғары деңгейде сақталуда. Биыл маусым айында Fitch Ratings агенттігі KMF Банктің рейтингін тұрақты болжаммен B+ деңгейінде растады. Сонымен қатар банк үшін негізгі көрсеткіштердің бірі — клиенттердің сенімі. Клиенттердің адалдық индексі (NPS) 83 пайыз деңгейінде сақталып отыр.
"Біз үшін ауқымды трансформацияның клиенттер сеніміне кері әсер етпегені маңызды. Керісінше, қалыптасқан сенімге сүйене отырып, қызметтер мен ұсыныстар ауқымын кеңейтіп, біртіндеп толыққанды банктік экожүйе қалыптастыруға мүмкіндік бар екенін көріп отырмыз. Бұл ретте өзіміздің негізгі мамандануымыз бен клиентке жақын болу қағидатымызды сақтаймыз", - деп атап өтті Шалқар Жүсіпов.
Сонымен қатар KMF Банктің дамуы қаржылық қызметтермен ғана шектелмейді. Банк жастардың Enactus қозғалысын қолдайды және қазақтың дәстүрлі зияткерлік ойыны тоғызқұмалақты дамытуға үлес қосып келеді. Ұлттық құндылықтармен байланыс банктің имиджінен де көрініс тапқан: оның маскоты ретінде жылдамдықтың, алға деген ұмтылыс пен төзімділіктің символы саналатын қазақтың құмай тазысы таңдалған.
Банк дамуының келесі кезеңі — жасанды интеллектіні кеңінен қолдану. Бүгінде KMF Банк AI технологияларын кредиттік өтінімдерді талдау, құжаттарды өңдеу, кепіл мүлкін бағалау, ұсыныстарды жекелендіру және ішкі процестерді автоматтандыру үшін пайдаланады. Банктің ішінде AI-Дана корпоративтік AI-ассистенті жұмыс істейді. Сонымен қатар байланыс орталығына арналған дыбыстық AI-көмекшіні іске қосу, құжат айналымын автоматтандыру және киберқауіпсіздікті күшейту бағытында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда. Клиент үшін технологиялық трансформация ең алдымен қызмет көрсету жылдамдығы мен қолайлылығынан байқалуы тиіс.
"Біздің міндетіміз жасанды интеллект арқылы адамды алмастыру емес, қызметкерлерді күнделікті қайталанатын операциялардан босатып, олардың тәжірибесі, білімі мен кәсіби құзыретін клиентпен тікелей қарым-қатынас кезінде аса қажет болатын міндеттерге аударуына мүмкіндік беру", - деп атап өтті Шалқар Жүсіпов.
Банктік мүмкіндіктердің кеңеюі KMF экожүйесінің тарихи тұрғыда ажырамас бөлігі болған әлеуметтік бағыттың сақталуымен қатар жүріп келеді. "KMF-Демеу" қорымен бірлесіп, банк Қазақстанның барлық өңірінде білім беру және қайырымдылық жобаларын жүзеге асыруды жалғастыруда. Соңғы 13 жыл ішінде қор 64 білім беру жобасын жүзеге асырып, 187 мыңнан аса адамды қамтыды. Негізгі бағыттардың қатарында кәсіпкерлікті дамыту, қаржылық сауаттылықты арттыру, әйелдердің бизнестегі бастамаларын қолдау және өңір тұрғындарына арналған білім беру бағдарламалары бар. Сондай-ақ көпшілікке кеңінен танымал жобалардың бірі — KMF Isker Hanymy премиясы. Биыл бұл жоба алтыншы рет ұйымдастырылады.
"KMF-Демеу көптеген жыл бойы компаниямыздың дамуына қолдау көрсетіп, құндылықтарымыз бен әлеуметтік миссиямыздың сабақтастығын сақтауға ықпал етті. Бүгінде қор банктің негізгі акционері болып қала береді. Алайда оның стратегиялық мақсаты — біртіндеп миноритарлық акционер мәртебесіне өту", - деді KMF Банк басшысы.
Бұл процесс қазірдің өзінде басталды. Банк капитал құрамына кіруге қызығушылық танытқан бірқатар халықаралық институционалдық инвесторлармен келіссөздер жүргізіп жатыр.
"Мұндай инвесторды тарту акционерлер құрылымын әртараптандыруға, халықаралық сараптаманы күшейтуге, ұзақ мерзімді ресурстарға қолжетімділікті кеңейтуге және даму стратегиясын іске асыруды қолдауға мүмкіндік береді. Бұл ретте қор негізін қалаған құндылықтар мен әлеуметтік миссия сақталады", - деп атап өтті Шалқар Жүсіпов.
Алғашқы жылдың тағы бір маңызды нәтижесі — халықаралық ынтымақтастықтың дамуы. KMF Банк Еуропа қайта құру және даму банкімен, IFC, JICA, Proparco, SIFEM, Аустрияның Даму банкімен және басқа да даму институттарымен ынтымақтастық орнатып келеді. Маңызды оқиғалардың бірі Түркі инвестициялық қорымен серіктестік орнату болды, бұл қордың Қазақстандағы алғашқы келісімі.
"Бүгінде алғашқы жылдың қорытындысын шығара отырып, банк лицензиясын алу туралы шешімнің стратегиялық тұрғыдан дұрыс болғанына көз жеткіздік. Біз ең маңызды құндылықтарымызды — клиенттердің сенімін, кәсіби сараптамамызды және клиенттерге жақын болу қағидатымызды сақтай отырып, сонымен қатар даму үшін жаңа мүмкіндіктерге жол аштық. Қаржылық нәтижелер, банктің тұрақтылығы, расталған рейтинг және клиенттеріміз бен серіктестеріміздің сенімі трансформацияның сәтті жүзеге асқанын көрсетеді. Ендігі міндетіміз – қалыптастырылған негізді банкті одан әрі дамытуға тиімді пайдаланып, клиенттерімізге ұсына алатын мүмкіндіктер ауқымын кеңейту", - деп қорытындылады Шалқар Жүсіпов.
*ҚНРДА 15.07.2026 жылы берген № 1.1.719.137 лицензия.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/nurfin/banks/2411312-klientter-ushin-kobirek-mumkindik-kmf-bank-algashqy-zhylyn-qorytyndylady/
