Тұрғын үй депозиттеріне мемлекеттік сыйлықақы аудару талаптары өзгеруі мүмкін
Жарияланған күні:
Читать на русском
"Отбасы банк" тұрғын үй депозиттеріне ақша жинауды тоқтатқан салымшыларды мемлекеттік сыйлықақыдан айырмақ. Толығырақ – KAZ.NUR.KZ сайтында.
"Отбасы банктегі" тұрғын үй салымдарына ақша жинап жатқан қазақстандықтар жыл сайын мемлекеттік сыйлықақы алады.
Сыйлықақы салымшының бір жыл ішінде есепшотына аударған сомасына қарай есептеледі. Оның көлемі 200 айлық есептік көрсеткіштің 20 пайызынан аспауға тиіс. Мысалы 2026 жылы сыйақының ең жоғары мөлшері 157 280 теңге болса, 2027 жылы бұл сома 173 000 теңге.
Алайда жақын арада мемлекеттік сыйақыны есептеу ережелері қатаңдатылуы мүмкін. "Крыша" порталының хабарлауынша, "Отбасы банк" төлем тәртібін өзгерту мүмкіндігін қарастырып жатыр:
Егер салымшы ақша жинауды тоқтатып, депозитін жауып тастаса, алған мемлекеттік сыйлықақы бюджетке қайтарылады. Қазіргі ереже бойынша, депозит ашылғанына үш жыл толса, сыйлықақыны сақтап қалуға болады.
Ипотека рәсімделгеннен кейін мемлекеттік сыйлықақы беру тоқтатылады. Қазіргі таңда клиент тұрғын үй заемына ауысқанға дейін, яғни аралық немесе алдын ала заем сатысында болған кезде сыйлықақы есептеле береді. Жаңа ереже күшіне енсе, ипотека рәсімделген сәттен бастап сыйақы тоқтатылады.
Банк басқармасының төрайымы Ләззат Ибрагимова бұл ұсыныстар әзірге қарастырылып жатқанын атап өтті. Егер қабылданса, ережелер тек жаңа депозиттерге қатысты болады. Бұрын ашылған салымдар ескі тәртіппен жұмыс істей береді.
Сондай-ақ мемлекеттік сыйлықақыны тек республикалық бюджеттен емес, "Отбасы банктің" дивидендтері есебінен де төлеу мүмкіндігі қарастырылуда.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/nurfin/banks/2411800-turgyn-ui-depozitterine-memlekettik-syilyqaqy-audaru-talaptary-ozgerui-mumkin/
