Қазақстандықтар банк депозиттерінің пайызы үшін салық төлейтіні рас па: министрлік өкілдері пікір білдірді
Жарияланған күні:

Ұлттық экономика министрлігі әлеуметтік желіде банктердегі депозиттер бойынша пайыздарға 5 пайыз салық енгізу туралы ақпарат тарап жатқанын мәлім етіп, оның шындыққа жанаспайтынын жеткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, желідегі ақпарат шындыққа жанаспайды.
"Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 430-бабына сәйкес, жеке тұлғаларға банктердегі салымдары (депозиттері) бойынша төленетін сыйақыларға жеке табыс салығы салынбайды", - делінген хабарламада. Қазақстан үкіметі бұл норманын күшін жою және депозиттер бойынша сыйақыларға салық енгізу мәселесін қарастырып жатқан жоқ.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/nurfin/banks/2419143-qazaqstandyqtar-banktegi-depozitterining-paiyzy-ushin-salyq-toleitini-ras-pa-ministrlik-okilderi-pikir-bildirdi/
