"Ұмай" ипотекасы: өтінім қабылдау қашан басталатыны белгілі болды
Жарияланған күні:

"Отбасы банк" "Ұмай" ипотекалық бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау 2026 жылғы 31 тамызда басталатынын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Банктің мәліметінше, бағдарлама ESG қағидаттарын ескере отырып әзірленген және Қазақстандағы әйелдердің тұрғын үй сатып алу мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған.
Бағдарлама аясында бастапқы жарна төмендетілген, басқа жылжымайтын мүліктің болуына шектеу қойылмайды. Тұрғын үйді Қазақстанның кез келген қаласынан сатып алуға болады және тіркелген мекенжайға қойылатын талап жоқ.
Өтінімді қалай беруге болады?
Несие алуға өтінімді қашықтан беруге болады. Ол үшін "Отбасы банктің" сайтындағы "Бейнеқызмет көрсету" сервисін немесе банктің тұрғын үй маркетплейсі Baspana Market-тегі (otbasybank.kz) жеке кабинетті пайдалануға болады. Оператор кеңес беріп, сұрақтарға жауап береді және өтінімді онлайн қабылдайды. Өтінімді онлайн берген кезде электрондық құжаттардың болуы жеткілікті.
Қажет болған жағдайда өтінімді банк бөлімшесіне барып та беруге болады. Төлем қабілеттілігін растау үшін соңғы 6 айдағы ресми табыс қажет. Бағдарлама талаптарына сәйкес, отбасының орташа айлық таза табысы 1 250 000 теңгеден аспауы тиіс.
Бағдарлама шарты
- Несие бойынша сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 14,8 пайыз (ЖТСМ – 16,3 пайыздан 16,8 пайызға дейін).
- Несиенің ең жоғары сомасы – 50 млн теңге.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/nurfin/banks/2419314-umai-ipotekalyq-bagdarlamasy-boiynsha-otinim-qabyldau-qashan-bastalatyny-belgili-boldy/
