Отбасы банк жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсетті
Жарияланған күні:

Бүгінде "Отбасы банк" арқылы жаңа қонысының кілтіне қол жеткізгендердің саны күн сайын артып келеді. Ұлттық даму институты ретінде аталған банк тиімді бағдарламаларымен баспана мәселесін шешуге өз үлесін айтарлықтай қосып келеді. Айта кетсек, соңғы жылда "Отбасы банк" "жетімдер және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар" санатына ерекше назар аударуда. Бүгінге дейін осы санаттағы 3189 тұрғын баспанамен қамтылды, деп хабарлайды "Отбасы банк".
Өткен жылы банк пен мемлекеттің қолдауы арқылы 582 адам баспаналы болды. Ал биыл бұл бастаманың ауқымы бес есе артып, 2607 тұрғынды қамтыды.
Бүгінде 2274 адам жалға берілетін баспанмен қамтылса, 740 азамат жылдық тиімді 2 пайыз мөлшерлемемен берілетін субсидияланған ипотека арқылы баспаналы болды. Ал 175 адам жалдамалы тұрғын үй құнының жартысын төлеу түрінде қолдау алды.
Атап айтсақ, "жетімдер және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар" санатына жататын азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету бағыты жақсарды.
Отбасы банк кезекте тұрған жетім балалардың құқығын қорғайтын өзгерістерді енгізді
Егер бала асырап алу немесе қамқоршылық тоқтатылса, балалар бастапқы кезекке тұру күнін сақтай алады. Бұл өз кезегінде тұрғын үй алу мерзімін айтарлықтай қысқартады. Бұл өзгеріс осы жылдың 14 қыркүйегінен бастап күшіне енеді.
Бұдан былай "жетімдер және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар" санаты баспанаға мұқтаж ретінде тіркелген азаматтарға бөлінетін тұрғын үй қорының 20 пайызын құрайтын квотаға заңды түрде құқылы.
Мысалы, егер өңірлік әкімдік (жергілікті атқарушы орган) үлестіру үшін 100 жалға берілетін пәтер бөлсе, олардың 20-сы кепілді түрде жетім балаларға беріледі. Қолдаудың бұл шарасы ата-ана қамқорлығынсыз қалған азаматтарға тұрғын үй мәселесін жедел шешуге көмектеседі.
Сонымен қатар тек жетім балалар ғана туылған сәттен бастап тұрғын үй кезегіне тұрады. Ал басқа азаматтар тек кәмелетке толғаннан кейін тіркеледі.
Егер бала кәмелетке толмай жатып ата-анасынан айырылса, ол 29 жасқа толғанша кез келген уақытта тұрғын үй кезегіне тұруға құқылы. Егер мұндай адамдар әскери қызметке шақырылса, аталған жас шегі олардың міндетті әскери қызмет мерзіміне ұзартылады.
"Отбасы банк" деректерді тексеру және тұрғын үйді бөлу процесін толықтай автоматтандырды. Енді тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар табысын растап, түрлі құжат жинамайды. Отбасының табыс көзі ең төменгі күнкөріс деңгейімен есептеледі, биыл көрсеткіш 50851 теңгені құрайды.
Жүйе табыс көздерінің барлығын анықтап, оларды талдайды және әр адамға шаққандағы жиынтық табыс мөлшерін есептейді.
Жалдамалы тұрғын үйге қатысты мынадай шарттар қолданылады:
- Үш немесе одан да көп адамнан тұратын отбасылар үшін соңғы алты айдағы табыс үш адамға есептелген ең төменгі күнкөріс деңгейінің екі еселенген мөлшерінен — яғни 305106 теңгеден — аспауға тиіс (2 × 50851 теңге = 101702 теңге; 101702 теңге × 3 отбасы мүшесі = 305106 теңге);
Екі адамнан аспайтын отбасылар үшін соңғы 6 айдағы табыс күнкөріс минимумының 3,5 еселенген мөлшерінен, яғни 355956 теңгеден аспауға тиіс (3,5 × 50851 = 177978; 177978 × 2 = 355956 теңге);
- Жалғыз тұратын адамдар үшін соңғы 6 айдағы табыс күнкөріс минимумының 5,5 еселенген мөлшерінен, яғни 279680 теңгеден аспауы тиіс.
Жеңілдетілген 2 пайыз мөлшерлемемен баспана сатып алу үшін соңғы алты айдағы отбасының әрбір мүшесіне шаққандағы орташа табыс күнкөріс минимумының (КМ) 5 еселенген мөлшерінен, яғни 254255 теңгеден аспауға тиіс.
Жеңілдетілген 5 пайыз мөлшерлемемен баспана сатып алу үшін соңғы алты айдағы отбасының әрбір мүшесіне шаққандағы орташа табыс күнкөріс минимумының (КМ) 6 еселенген мөлшерінен, яғни 305106 теңгеден аспауға тиіс.
Тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың тізімдері, сондай-ақ тұрғын үй бөлінген азаматтардың тізімдері банктің ресми сайтында орналастырылады.
Онда азаматтар ақпаратты өз бетінше тексеріп, тұрғын үйге қолдау көрсету процесін бақылай алады.
Бұл ақпаратқа Otbasy Bank мобильді қосымшасы арқылы да қол жеткізуге болады.
*Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 15 шілде №1.1.972.134 банк заңнамасында көзделген банктік және өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензиясы.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/nurfin/banks/2420760-otbasy-bank-zhetim-balalar-men-ata-ana-qamqorlygynsyz-qalgan-balalarga-qoldau-korsetti/
