jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Өздері жауапты: Ұлттық банк басшысы долларлық депозиті барларға қатысты ойын айтты

    Доллар мен теңге
    Доллар мен теңге. Көрнекі сурет: NUR.KZ / Владимир Третьяков

    Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов брифинг барысында қазақстандықтарға ақшаны неліктен теңгемен сақтау тиімді екенін түсіндірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлады.

    Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының дерегінше, азаматтар шетел валютасында 5,9 трлн теңге сақтап отыр. Журналистер бұл қаражаттың иелері кім екенін сұрады.

    "Жеке тұлғалардың депозиттері шамамен 30 трлн теңгені құрайды. Жалпы алғанда, заңды тұлғалардың қаражатын қосқанда, депозит көлемі 46-47 трлн теңгеге жетеді. Бұл – өте жақсы көрсеткіш, депозиттер көлемі өсіп келеді", - деді Тимур Сүлейменов.

    Оның айтуынша, депозиттердің долларлануы тарихи ең төменгі деңгейде тұр. Қазір бұл көрсеткіш шамамен 19 пайызды құрайды. 3-4 жыл бұрын ол 30-35 пайыз, ал 5-6 жыл бұрын 60 пайыз болған еді.

    "Теңгеге деген сенім жыл сайын артып келеді. Енді шетел валютасында 5,9 трлн теңге сақтап отырған азаматтарға тоқталсақ. Олар – негізінен ауқатты азаматтар. Олардың теңгедегі жинақтары да бар, бірақ қаражатты әртараптандыру мақсатында доллармен сақтауды жөн көрген", - деп атап өтті Ұлттық банк басшысы.

    Ұлттық банктің бұл қаражатты теңгеде сақтауға ынталандыру бойынша арнайы жоспары жоқ.

    "Оларды көндіру қиын. Егер сіз долларда қаражат салсаңыз, 1 пайыз табыс табасыз. Теңгелік депозиттердің мөлшерлемесі жоғары. Егер қарапайым қаржылық математика жұмыс істемесе, онда әркім өз жинағына өзі жауапты.

    Долларды 550 теңгеден сатып алып, сақтағандар қазір үлкен шығында. Олар бағамдық айырмашылықтан да, теңгелік депозиттен түсетін табыстан да қағылды. Сондықтан теңгеге сену керек", - деп түйіндеді Тимур Сүлейменов.

    Өздері жауапты: Ұлттық банк басшысы долларлық депозиті барларға қатысты ойын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram