jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Қазақстан банктері депозит бойынша сыйақы мөлшерлемесін жаппай төмендетіп жатыр

    ақша
    Ақша. Көрнекі фото: NUR.KZ/ Владимир Третьяков

    Тамызда 11 банк депозит бойынша сыйақы мөлшерлемесін төмендетті. Оның ішінде 4 банк мерзімсіз салымдар бойынша пайыздық мөлшерлемені төмендету туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Маусым және шілдеде қазақстандық банктер депозит өнімдері бойынша сыйақы мөлшерлемелерін төмендеткен еді. Алайда бұл негізінен жинақ салымдарына қатысты еді. Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының (ҚДКБ) мәліметінше, тамызда мерзімсіз салымдар бойынша да сыйақы мөлшерлемесі төмендеді.

    Тамыздағы мөлшерлемелердің өзгерісі:

    • 4 банк мерзімсіз салымдар бойынша мөлшерлемені төмендетті;
    • 3 банк толықтыру мүмкіндігі бар мерзімді салымдар бойынша мөлшерлемені төмендетті;
    • 5 банк толықтыру мүмкіндігі бар жинақ салымдары бойынша мөлшерлемені төмендетті;
    • 3 банк толықтыру мүмкіндігі жоқ жинақ салымдары бойынша мөлшерлемені төмендетті;
    • 1 банк мерзімсіз салымдар бойынша мөлшерлемені көтерді;
    • 1 банк толықтыру мүмкіндігі бар жинақ салымдары бойынша мөлшерлемені көтерді;
    • 1 банк әртүрлі мерзімдегі толықтыру мүмкіндігі жоқ жинақ салымдары бойынша мөлшерлемені көтеріп, төмендетті.

    Мерзімсіз депозиттер бойынша мөлшерлемелер қалай өзгерді

    Бір ай ішінде екінші деңгейлі 4 банк мерзімсіз депозиттер бойынша мөлшерлемені төмендетті, ал 1 банк оны көтерді. Қазіргі таңда мұндай салымдарды еліміздің 17 банкінде ашуға болады.

    Тамыздағы ең төменгі сыйақы мөлшерлемесі 12,6 пайыз, ал ең жоғарғысы 15,95 пайыз болды. Мерзімсіз депозиттер бойынша орташа мөлшерлеме 14,08 пайыз деңгейінде қалыптасты. Бұл шілдемен салыстырғанда 0,11 пайыздық тармақ төмен.

    Еске сала кетейік, мерзімсіз салымдар қазіргі уақытта халық арасында ең танымалы болып отыр. Қазақстандықтардың бұл салым түрін таңдауының басты себебі – оның қолайлы шарттарында. Мұндай депозиттерден ақшаны сыйақыны жоғалтпай, кез келген уақытта шешіп алуға болады.

    Мерзімді депозиттер бойынша мөлшерлемелер қалай өзгерді

    Мерзімді депозиттердің пайыздық мөлшерлемесі мерзімсіз салымдарға қарағанда жоғары, бірақ жинақ салымдарындай қатаң шарттары жоқ. Олар толықтыруға болатын және толықтыруға болмайтын салымдар болып екіге бөлінеді.

    Қазіргі таңда толықтыру мүмкіндігі бар мерзімді салымдарды еліміздің 7 банкінде ашуға болады. Тамызда олар бойынша орташа сыйақы мөлшерлемесі 15,11 пайыз болды. Дегенмен нақты шарттар депозиттің ашылу мерзіміне байланысты болады.

    Тамыздағы ең төменгі мөлшерлеме 2 жылға ашылған салымдар бойынша 5 пайыз, ал ең жоғарғысы 3 айлық салымдар бойынша 19 пайызды құрады.

    Толықтыру мүмкіндігі жоқ депозиттерді тек бір банкте ғана ашуға болады. Тамызда бұл банк шарттарды өзгерткен жоқ, мөлшерлемелер бұрынғыдай 12,2 пайызбен 18,01 пайыз аралығында сақталды.

    Жинақ депозиттері бойынша мөлшерлемелер қалай өзгерді

    Қазақстандағы жинақ депозиттері екі түрге бөлінеді:

    Толықтыруға болатын бар салымдар – оларды шектеусіз толықтыруға болады.

    Толықтыруға болмайтын салымдар – салымды тек ашқан кезде бір рет қана толықтыруға рұқсат етіледі.

    2026 жылдың тамызындағы жағдай бойынша, толықтыруға болатын жинақ салымдарын 12 банкте ашуға болады. Олар бойынша мөлшерлемелер 5 пайыз бен 20 пайыз аралығында, ал ел бойынша орташа көрсеткіш 14,7 пайызды құрады.

    Толықтыруға болатын жинақ салымдарында да жағдай осыған ұқсас. Оларды еліміздің 15 банкінде ашуға болады. Мөлшерлемелер 2 жылдық салымдар бойынша 6,3 пайыздан басталып, 6 айлық салымдар бойынша 20,5 пайызға дейін жетеді. Нарық бойынша орташа сыйақы мөлшерлемесі 15,33 пайызды құрады.

    Қазақстан банктері депозит бойынша сыйақы мөлшерлемесін жаппай төмендетіп жатыр

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram