jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Қазақстанда кез келген бөліп төлеуге алынған қарызды несие тарихына жазу ұсынылды

    Есеп жүргізіп отырған адам
    Есеп жүргізіп отырған адам. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Қазақстанда бөліп төлеу (рассрочка) арқылы алынған қарыздың бәрі несие тарихына жазылуы мүмкін. Ұлттық банк "қазір алып, ақшасын кейін төлеу" жүйесі бойынша жұмыс істейтін ұйымдардың қызметін реттеуді ұсынды, деп хабарлайды "Астана" арнасы.

    Бүгінде тұрмыстық тауардан бастап, автокөлік пен баспанаға дейін бөліп төлеуге рәсімдеу белең алған. Алайда сатушылар мен құрылыс компаниялары ұсынатын мұндай қарыздар несие тарихында көрінбейді. Бұл азаматтардың нақты борыштық жүктемесін анықтауға кедергі келтіреді.

    Осыған байланысты бас банк қаржылық емес ұйымдарға да сатып алушының төлем қабілетін тексеруді және барлық ақпаратты кредиттік бюроға тапсыруды міндеттемек. Сондай-ақ мұндай келісімдердегі айыппұлдар көлемін шектеу көзделген.

    "Мұндай тетіктер төлемді бірнеше бөлікке бөліп, тауар сатып алуға мүмкіндік береді. Десе де қаржылық емес ұйымдар ұсынатын бөліп төлеу өнімдеріне қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғауға қатысты талаптар қолданылмайды. Бұл халықтың қосымша борыштық жүктемесінің қалыптасуына ықпал етуі мүмкін.

    Негізгі міндет – қызметтердің қолжетімділігін сақтай отырып, осы тәуекелдерді барынша азайтатын тетіктерді әзірлеу", - дейді Ұлттық банк өкілдері.

    Қазақстанда кез келген бөліп төлеуге алынған қарызды несие тарихына жазу ұсынылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram