"Ұмай" ипотекасына сұраныс жоғары болуына байланысты қаржыландыру көлемі арта ма
Жарияланған күні:
Читать на русском
"Отбасы банк" басқарма төрағасының орынбасары Жансұлтан Матай Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте "Ұмай" ипотекасына бөлінетін қаражат туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Журналистер "Ұмай" бағдарламасының бірінші траншы бойынша өтінімдерді қабылдау бірнеше сағаттың ішінде жабылып қалғанын атап өтті. Олардың айтуынша, басқа тиімді тұрғын үй бағдарламалары бойынша да сұраныс ұсыныстан асып түскен. Осыған байланысты олар банк өкілінен аталған қажеттілік үшін қаржыландыруды ұлғайту жоспарланып отыр ма деп сұрады.
"31 тамызда "Ұмай" бағдарламасы басталды және қатысушылардан 855 өтінім қабылданды. Олардың барлығы алдын ала мақұлданды. Енді олардың пәтер іздеуге және несие рәсімдеуге уақыты бар. "Ұмай" бағдарламасына қатысушылар арасында сұратылған несиенің орташа сомасы – 23,4 млн теңге екенін атап өткім келеді. Ең жас қатысушы – 18 жаста. Ең үлкені – 63 жаста", - деді Жансұлтан Матай.
Сонымен қатар ол бұл бағдарламаны жүзеге асыруға қаражатты Азия даму банкі бөлгенін еске салды.
"АДБ "Отбасы банкіне" алғашқы транш ретінде 9 млрд теңге аударды. Қазақстандық әйелдердің белсенділігі жоғары болғанын ескере отырып, "Отбасы банк" АДБ-ға екінші траншты мерзімінен бұрын бөлу туралы өтінішпен жүгінді. Бағдарламаға барлығы 90 млрд теңге қарастырылған. Қатысушыларға қойылатын талаптар әзірге өзгермейді", - деп сендірді "Отбасы банк" басқарма төрағасының орынбасары.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/nurfin/banks/2427929-umai-ipotekasyna-suranys-zhogary-boluyna-bailanysty-qarzhylandyru-kolemi-arta-ma/
