jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Банктер онлайн-несие рәсімдеу кезінде қазақстандықтардан сауалнама ала бастады

    Банк картасы
    Банк картасы. Көрнекі фото: pexels.com

    1 қазаннан бастап қазақстандық банктер онлайн-несиеге өтінім берген клиенттерден сауалнама ала бастады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне сілтеме жасап.

    Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметінше, 2026 жылғы 1 қазаннан бастап тұтынушыларға арналған кепілсіз онлайн-қарыздар ресімдеу кезінде қарыз алушы-жеке тұлғалардан сауалнама алынады.

    "Қарыз берудің алдында банктер мен микроқаржы ұйымдары азамат алаяқтардың әсерінен қарыз алып, содан кейін алынған ақшаны үшінші тұлғаларға аударатын алаяқтық қарыздың ресімделуіне жол бермеу үшін клиенттерге сауалнама жүргізеді", - дейді ведомство өкілдері.

    Сауалнамада жеті сұрақтан тұрады. Қарыз алушыдан кредитті ресімдеуді кім ұсынғаны, кредит алу үшін өзінің дербес түрде немесе үшінші тұлғалардың өтініші бойынша жүгінгені, қарыздың қандай мақсаттарға ресімделіп жатқаны, шарттың негізгі талаптарымен танысқаны не таныспағаны, әлдекімнің қысым жасап жатқаны немесе қарыз ресімдеуге асықтырып жатқаны, оған кредит ресімдеу фактісін банк қызметкерлерінен немесе туыстарынан жасыруға кеңес берілгені не берілмегені туралы, сондай-ақ, осыған дейін "ақшаны қорғау" немесе "шот бойынша операцияларды тексеру" туралы ұсыныспен қоңыраулардың болғаны не болмағаны туралы сұрайды. 

    Сауалнама нәтижесі бойынша ықтимал алаяқтық немесе қарызды үшінші тұлғалардың ықпалымен ресімдеу белгілері анықталған кезде банк қарыз алудың мән-жайларына қосымша тексеру жүргізеді, оның ішінде қарыз алушыға ықтимал алаяқтық әрекеттерге байланысты тәуекелдер туралы қосымша хабарлайды.

    Тексеру нәтижесі бойынша қаржы ұйымы шарт жасау, анықталған мән-жайлар жойылғанға дейін оны жасауды тоқтата тұру не шарт жасаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

    Банктер онлайн-несие рәсімдеу кезінде қазақстандықтардан сауалнама ала бастады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram