jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    "Отбасы банк" "Наурыз" бағдарламасына қатысушыларға маңызды ақпарат жариялады

    пәтер кілті
    Пәтер кілті. Иллюстрациялық фото: pexels.com

    "Отбасы банк" "Наурыз" бағдарламасына қатысушылар үшін маңызды ақпарат жариялады, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    "Егер сіз "Наурыз" бағдарламасына қатысуға берген өтініміңіз бойынша оң шешім алған болсаңыз, несие рәсімдеп, бағдарлама бойынша тұрғын үйді 2026 жылғы 30 желтоқсанға дейін сатып ала аласыз", - делінген хабарламада.

    "Отбасы банктің" мәліметінше, бұрын несие алу туралы оң шешімнің мерзімі 6 аймен шектелетін. Енді бұл мақұлдаудың мерзімі 2026 жылғы 30 желтоқсанға дейін ұзартылып отыр.

    "Яғни, егер бұрын белгіленген мерзім ішінде несие рәсімдеп үлгермеген болсаңыз, құжаттарды рәсімдеуді жалғастырып, "Наурыз" бағдарламасы аясында тұрғын үйді көрсетілген күнге дейін сатып ала аласыз", - делінген хабарламада.

    Банк алдағы күндері клиенттерге мерзімнің ұзартылғаны туралы SMS-хабарламалар жіберілетінін еске салды.

    Сондай-ақ банк мерзімді ұзарту тек "Наурыз" бағдарламасы бойынша мақұлданған өтінімдерге қатысты екенін ескертті.

    "Отбасы банк" "Наурыз" бағдарламасына қатысушыларға маңызды ақпарат жариялады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram