"Әшекей ретінде тағуға болады": Ұлттық банк жартылай асыл тасы бар монетаны айналымға шығарады
Жарияланған күні:
Читать на русском
Қазақстан Ұлттық банкі жартылай асыл тасы бар AQYQ коллекциялық монетасының айналымға шығатынын мәлімдеді, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ұлттық банктің сайтында "Сиқырлы нышандар" сериясынан номиналы 1 000 теңгелік жаңа коллекциялық монеталар айналымға шығатыны айтылды. Дайындау таралымы – 5 мың дана. Сату 27 қазанда басталады.
Монетаның AQYQ атауы әшекейлер мен сәндік бұйымдар жасауда қолданылатын халцедон тобындағы жартылай асыл тас – ақықпен байланысты.
925 сынамалы күмістен дайындалған монетаға осы ақық тасы қондырылған. Оның массасы – 20 грамм, диаметрі – 33 мм, дайындау сапасы – antique silver.
"Монетаның көркемдік безендірілуінен қазақ зергер өнерінің қолтаңбасы айқын көрінеді: зерделі сіркелеу әдісі, теріс бетіндегі өрнек пен ақық қондырмасы өзара жарасым тапқан. Монетаның жоғарғы бөлігінде алқа бауын тағуға мүмкіндік беретін арнайы баулық қарастырылған", - делінген хабарламада.
Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған.
"Коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өзінің белгіленген құнына сай барлық төлем түрінде қабылдауға, сондай-ақ елдегі барлық банкте банк шоттарына есепке алуға, аударуға, ұсақтауға және айырбастауға жатады", - делінген хабарламада.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/nurfin/banks/2446506-ashekei-retinde-taguga-bolady-ulttyq-bank-zhartylai-asyl-tasy-bar-moneta-shygarady/