Kaspi Жұма 5-8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу
Жарияланған күні:

2026 жылғы 5-8 қараша аралығында Қазақстанда бүкілхалықтық тиімді зат сатып алу мерекесі – Kaspi Жұма өтеді. Төрт күн бойы қазақстандықтарды 50%-ға дейінгі жеңілдіктер, көбейтілген Kaspi Бонус және 24 айға дейінгі бөліп төлеу күтіп тұр.
Көптен бері жоспарлап жүрген заттарыңызды сатып алатын кез келді: қысқа арналған киім-кешекті жаңартып, қысқы дөңгелек, тұрмыстық техника, электроника, жиһаз және басқа да көптеген тауарды алуға болады. Мүмкін саяхатқа шығуды да жоспарлап жүрген шығарсыз?
Сауданы Kaspi.kz-тегі Магазинде, сондай-ақ еліміздің түкпір-түкпіріндегі Kaspi QR қабылдайтын дүкендер мен сауда орталықтарында жасауға болады. Ал Kaspi Travel арқылы шетелге тур немесе Қазақстандағы демалыс орнын таңдауға болады.
Kaspi Жұмаға қазақстандық кәсіпкерлер, өндірушілер және танымал әлемдік брендтер де дайындалып жатыр. Бұл бизнес үшін өз тауарларын миллиондаған сатып алушыға таныстыруға, жаңа клиенттер тартуға және сатылым көлемін арттыруға мүмкіндік береді.
Акцияға танымал қазақстандық және әлемдік брендтер, дүкендер мен сауда желілері қатысады. Олардың қатарында Adidas, ADILI, EuroMebel, "Комфорт", "Мечта", Mon Amie, Pandora, Tommy Hilfiger, Calvin Klein, Diesel, Sulpak, Technodom, Zeta, 1Fit, COPA Store, L’Occitane, Intertop, "Белый ветер", Xiaomi, iSpase және басқа да брендтер бар.
Kaspi.kz туралы
Kaspi.kz миссиясы – клиенттер мен серіктестердің өмірін жақсартатын инновациялық өнімдер мен сервистер жасау.
Қазақстан мен Түркияда Kaspi.kz сервистерін 25 миллионнан астам клиент пен 900 мың серіктес пайдаланады. Қазақстанда Kaspi.kz суперқосымшасында төлемдер, электрондық коммерция, онлайн-супермаркет, финтех, саяхат, хабарландырулар, мемлекеттік қызметтер және күнделікті басқа да сервистер біріктірілген. Түркияда Kaspi.kz елдегі жетекші электрондық коммерция платформаларының бірі – Hepsiburada компаниясына ие.
*Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттігінің банк және басқа да операцияларды және құнды қағаздар нарығында қызмет жүргізуге 2020 жылғы 03 ақпанда берген №1.2.245/61 лицензиясы.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/nurfin/banks/2446938-kaspi-zhuma-5-8-qarashada-otedi-tort-kundik-zhengildikter-bonustar-zhane-tiimdi-bolip-toleu/