jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Банктер несие берер кезде қазақстандықтардың әл-ауқат санатын ескере ме

    ақша ұстап отырған адам
    Ақша. Иллюстрациялық фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов брифингте банктер несие беру кезінде қандай факторларды ескеретінін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Тимур Сүлейменов қаржы саласы цифрландырылғанын және мемлекеттік органдардың дерекқорларымен біріктірілгенін мәлімдеді.

    "Бұл нәрсе ұлттық қаржы инфрақұрылымының иелері, яғни, бізге де, екінші деңгейлі банктерге де қатысты. Мемлекеттік кредит бюросы, Бірінші кредит бюросы әртүрлі дерекқорлармен, соның ішінде мүлік, жеке тұлғалардың кірістері және т.б. бойынша интеграцияны қамтамасыз етеді.

    Несие алу үшін жүгінген кезде банкке несие тарихыңыз туралы ақпарат алуға келісім бересіз. Бұл банкке сізді мүлдем жаңа клиент ретінде қарастырмауы үшін, кірістеріңіз, зейнетақы аударымдарыңыз, мүлкіңіз және басқа да деректеріңіз туралы түсінігі болуы үшін керек", - деп түсіндірді ол.

    Оның мәліметінше, банктерде бұл процестер бұрыннан цифрландырылған және олар әр қазақстандықтың тәуекел профилін жақсы біледі.

    "Мен мұнда қандай да қосымша тәуекелдерді көріп тұрған жоқпын. Біздің қаржы жүйеміз онсыз да жеткілікті түрде цифрландырылған. Банк үшін бұл маңызды емес (қандай әл-ауқат критерийлері болатыны – ред. ескертпесі) деп ойлаймын. Банктерде өз скоринг модельдері бар, ол әлдеқайда жетілдірілген. Олар нақты банктің саясатына байланысты.

    Банктерде бұрыннан бері қарыз алушылардың өз санаттары бар. Сондықтан отбасылардың әл-ауқатын бағалаудың жалпымемлекеттік жүйесін енгізу, менің ойымша, несие беруге еш әсер етпейді", - деді Ұлттық банк төрағасы.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram