jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Қазақстанда 11 ірі банктің кредит беру тәртібі тексерілмек

    Пластикалық карта
    Пластикалық карта. Иллюстрациялық фото: pexels.com

    Қазақстанның Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі екінші деңгейдегі банктердің қарыз алушыларының борыш жүктемесі коэффициентін (БЖК) есептеудің дұрыстығын тексеруге бағытталған Debt Service Review (DSR) тұрақты қадағалау процесінің іске қосылғанын хабарлады. Тексеру аясына 11 ірі банк кіреді, деп жазады агенттік сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Агенттің дерегінше, жаңа қадағалау процесі азаматтардың борыш жүктемесінің теңгерімді деңгейін ұстап тұруға және жауапты кредиттеу практикасын нығайтуға бағытталған.

    "Жауапты кредиттеуді қамтамасыз ету және азаматтарды шамадан тыс борыш жүктемесінен қорғау Агенттік қызметінің басым бағыттарының бірі болып саналады. Бөлшек кредиттеудің өсуі жағдайында қарыз беру туралы шешім қабылдау кезеңінде банктердің қарыз алушылардың төлем қабілеттілігін объективті бағалауы ерекше маңызға ие болады.

    Жаңа қадағалау процесінің басталуының алдында пилоттық жоба болды, оның шеңберінде Агенттік 8 банкте БЖК есебінің дұрыстығына талдау жүргізді. Пилоттық жобаның қорытындылары DSR-ді тұрақты қадағалау процесіне енгізу қажеттілігін растады", - делінген хабарламада.

    Тексеру қорытындысы бойынша Агенттік анықталған бұзушылықтардың сипаты мен маңыздылығын бағалайды және қадағалау шараларын қолдану, сондай-ақ банктердің түзету іс-шараларының жоспарларын бекіту қажеттілігін қарайды.

    Алынған нәтижелер БЖК есептеуге қойылатын нормативтік талаптарды жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындау кезінде пайдаланылады.

    Жалпы алғанда, БЖК қарыз алушының кредиттік міндеттемелер бойынша ай сайынғы төлемдерінің және оның орташа айлық табысының арақатынасын көрсетеді. Бұл халықтың борыш жүктемесін шектеудің негізгі реттеуші құралдарының бірі.

    Аталған көрсеткішті дұрыс есептеу қарыз алушының қолданыстағы міндеттемелерге де, жаңа қарызға да қызмет көрсету қабілетін объективті бағалауға мүмкіндік береді.

    Қарыз алушылардың борыш жүктемесін жете бағаламау банктердің кредиттік тәуекелдерін және халықтың шамадан тыс кредит алуын ұлғайту тәуекелдерін арттырады.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram