Қазақстанда зейнеткерлерге ипотека беріле ме
Жарияланған күні:
Читать на русском
Зейнекерлерге ипотека рәсімдеу қиынға түсуі мүмкін – оларға жасына байланысты көп банктер қарыз берудан бас тартады. Алайда кейбір банктер зейнет жасындағы азаматтарға несие беруге дайын, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Банктер ипотека берместен бұрын әлеуетті қарыз алушының табысына ғана емес, жасына да назар аударады.
Жалпы қазақстандықтар тұрғын үй несиесін 18 жастан бастап ала алады, алайда кейбір банктер ең төменгі межені 21 жас, ал шекті межені 65-68 жас етіп белгілеген. Дегенмен әр банктің өз шарттары бар.
"Крыша" порталының хабарлауынша, кей екінші деңгейлі банктерде зейнеткерлерге расында да ипотека беріледі немесе қосалқы қарыз алушы болуға рұқсат етіледі.
Қай банктер зейнеткерлердің өтінімін қарауға дайын:
- "Банк ЦентрКредит" – соңғы төлем жасалатын кезде қарыз алушының жасы 68-ден аспаса, ипотека алуға болады. Мысалы, 63 жаста несие 4–5 жылға дейін беріледі. Зейнеткерлер мұнда қосалқы қарыз алушы бола алады;
- "Отбасы банкке" өтінішті 64,5 жасқа дейін беруге болады, ал несиені 70 жасқа дейін төлеп бітуі қажет. Бұл жағдайда несиенің ең ұзақ мерзімі 5,5 жылды құрайды;
- Alatau City Bank – ипотека 63 жасқа дейінгі қарыз алушыларға беріледі. Қосалқы қарыз алушы ретінде 65 жасқа дейін қатысуға болады. Жасын өтініш берген күні бойынша есептейді. Мұндай шарттар әзірге тек Шымкенттегі бір тұрғын үй кешенінен пәтер сатып алу үшін ғана қолжетімді.
"Нұрбанк" пен ForteBank зейнеткерлерге ипотека бермейді, бірақ оларды қосалқы қарыз алушы ретінде қарастыруға дайын. Шарттарды банк бөлімшелерінен нақтылау қажет.
Демек зейнеткерлерге ипотека беру қарастырылған, алайда оның бірқатар шарты бар, соған дайын болу керек:
- ипотека ең көбі 68–70 жасқа дейін беріледі;
- несие мерзімінің қысқа болуына (4–5 жыл) байланысты ай сайынғы төлем мөлшері үлкен болады;
- табыс пен борыш жүктемесіне қойылатын талаптар өзгеріссіз қалады.
Бұл ретте айта кетерлігі, Қазақстанда кейбір азаматтар тұрғын үй мәселесін шешуде мемлекет қолдауына сене алады. Атап айтқанда қазақстандықтар әкімдіктен жалға берілетін баспана немесе өз пәтерін сатып алуға жеңілдетілген несие ала алады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/nurfin/banks/2453205-qazaqstanda-zeinetkerlerge-ipoteka-berile-me/