jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

    Invictus Go Abay: Нұрбанк пен "Даму" қорының қолдауымен артықшылықтар үйлесімі

    Invictus Go Abay
    Фото: АО "Нурбанк"

    Алматыдағы фитнес қызметтері нарығының өзіндік ерекшеліктері бар: бәсекелестік артықшылықтар клубтың орналасқан жерінің қолайлылығына да байланысты айқындалады. Сондықтан Invictus Go Abay жобасының бастапқы идеясы үйге жақын орналасқан заманауи әрі толыққанды фитнес-клуб құру болды. Бұл тұжырымдаманы қалай жүзеге асыру мүмкін болғаны туралы Invictus Go Abay клубының иесі және Invictus фитнес-клубтар желісінің даму жөніндегі директоры Жасұлан Асанұлымен болған әңгімеден толығырақ біле аласыз.

    "Кәсіпкердің пікірінше, бүгінде фитнес қызметтерін тұтынушылар олардың құны мен инфрақұрылымының сапасын ғана емес, сонымен қатар өздеріне ұсынылатын қосымша мүмкіндіктерді де бағалайды. Мысалы клиент үшін күнделікті жүріп-тұратын бағытын өзгертпей-ақ жаттығуға бару маңызды. Дәл осы жайт кейбір адамдардың күнделікті спортпен айналысуына кедергі келтіреді. "Клубтың орналасатын жерін таңдаған кезде Алматының орталық бөлігіндегі тұрғындар үшін қолайлылықтарды да ескердік. Заманауи тұрғын үй кешенінде орналасқан клубымызда Invictus желісінің жоғары стандарттарына сәйкес келетін, үйге жақын орналасқан толыққанды заманауи фитнес-клуб құрдық. Біздің міндетіміз – спорт күнделікті өмірдің қолайлы бөлігіне айналатындай жағдай жасау", - дейді Жасұлан.

    Жасұлан Асанұлы
    Жасұлан Асанұлы. Фото: АО "Нурбанк"

    Артықшылықтардың үйлесімі

    Жаяу жетуге болатын қашықтықта орналасу тұжырымдамасының тиімділігін нақты көрсеткіштер дәлелдейді. Бүгінде клубқа күніне 400-ден астам рет келушілер тіркелген, бұл - айына шамамен 12 мың келуші бар екенін білдіреді. Сондай-ақ Invictus Go Abay клубында шамамен 2,5 мың қолданыстағы абонемент бар. Тағы бір маңызды мәселеге назар аударған жөн, ол – жаттығу залында еркін жаттығу мүмкіндігі. Бұған клубтың ауқымды аумағы – 1,5 мың шаршы метр алаңы мүмкіндік береді. Оның 500 шаршы метрден астам бөлігін функционалдық аймағы бар тренажер залы алып жатыр. Демек бұл бағытта да үйлесімділік басты назарда.

    Айта кететін жайт, клуб спорттық жабдықтар нарығындағы жетекші брендтердің бірі – Technogym жабдықтарын пайдаланады. Клубта тақырыптық аймақтар қарастырылған, онда топтық жаттығулардың 11 бағыты бойынша сабақтар өткізіледі. Олардың ішінде функционалдық жаттығулар, күш жаттығулары, созылу жаттығулары, йога, пилатес, зумба, би бағдарламалары және Cycle бағыттарын атап өтуге болады. Invictus Go Abay клубында кең киім ауыстыру бөлмелері, Cold Plunge мұзды ваннасы, инфрақызыл сауна және массаж аймағы да бар. Команда жабдықтардың жай-күйін тұрақты түрде тексеріп, жаттығу бағдарламаларының дамуын қадағалап отырады. Бұл болашақта жаттығу бағыттарының қатары жаңа бағдарламалармен толықтырылуы мүмкін екенін көрсетеді.

    Invictus Go Abay
    Фото: АО "Нурбанк"

    Нұрбанк пен "Даму" Қорының мұндағы рөлі қандай болды

    "Фитнес-клуб ашу жобасының өзіндік ерекшелігі – құрылтайшылардың бизнесті кезең-кезеңімен іске қосуға мүмкіндігі жоқ. Яғни клуб ашылатын күні оның барлық жұмысы толық дайын болуы керек. "Фитнес-клубты іске қосу кезінде инвестициялардың едәуір бөлігін клуб ашылғанға дейін және клиенттер базасы қалыптаса бастағанға дейін салу қажет. Үй-жайды дайындап, жабдықтарды сатып алып, келушілерді қабылдауға арналған бүкіл инфрақұрылымның әзірлігін қамтамасыз ету керек. "Даму" қорының қолдауымен (сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау және Қордың кепілдік беруі) Нурбанктің қаржыландыруы Invictus Go Abay жобасын іске қосу кезеңінде шешуші рөл атқарды. Тартылған қаражаттың арқасында біз жобаны алғашқы күннен бастап жоспарланған ауқымда жүзеге асыра алдық", - дейді Жасұлан.

    Жобаны іске қосуға берілген қарыз сомасы 350 млн теңгені құрады.

    Invictus Go Abay
    Фото: АО "Нурбанк"

    Алдағы жоспарлар

    "Біздің идеяларымыз сенімді серіктестердің қолдауымен ойдағыдай жүзеге асып жатқанын көріп отырмыз", - дейді кәсіпкер.

    Жасұланның пікірінше, клубтың жабдықтар мен топтық жаттығу бағдарламаларынан бастап, киім ауыстыру бөлмелері мен сауықтыру аймақтарына дейінгі барлық құрамдас бөлігі клиент үшін біртұтас қызмет ретінде қабылдануға тиіс. Бұл – табыстың басты факторларының бірі.

    Invictus Go Abay
    Фото: АО "Нурбанк"

    "Бастапқы кезеңде клиенттерді тарту ғана емес, тұрақты келушілер аудиториясын қалыптастыру да маңызды. Қазір алдымызда жаңа міндеттер тұр. Біз келушілердің қажеттіліктерін талдап, жаңа бағыттарды дамытып жатырмыз. Кері байланыс алу тетігін кеңейту осы тұжырымдамаға өте жақсы үйлеседі. Сонымен қатар Invictus Go форматын кеңейту және болашағы зор орындарда жаңа клубтар ашу мүмкіндіктерін қарастырып жатырмыз", - дейді Жасұлан.

    *17.08.2026 жылы ҚНРДА берген № 1.1.849.146 Банктік және өзге операцияларды жүзеге асыру туралы лицензия (Әмбебап банктік лицензия). 03.02.2020 жылы ҚНРДА берген № 1.2.15/193 Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыру туралы лицензия.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram