jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

    "Семей машина жасау зауыты" жайлы не білеміз?

    : Facebook

    «Семей машина жасау зауыты» АҚ «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы құрамындағы қарқынды дамып келе жатқан кәсіпорын. Зауыт мемлекеттік қорғаныс тапсырысы аясында және одан бөлек азаматтық мақсаттағы өнімдерді шығарады.

    «Семей машина жасау зауытына» - 50 жыл
    Сурет: Қазақстан инжиниринг: Facebook

    Қазір ол МАЗ жүк көлігін шығару лицензиясына ие Қазақстандағы бірден бір кәсіпорын. Мұнда машина жасау өндірісінің толық циклы жасақталған.

    «Семей машина жасау зауытына» - 50 жыл
    Сурет: Қазақстан инжиниринг: Facebook

    «Кәсіпорын жаңа технологиялар мен өндірістік желілерді игерді. Жауынгерлік тіркемелер және танк, БТР, БМП қозғалтқыштарынан бөлек біздің мамандар инженерлік техникаларды күрделі жөндеуден өткізуді меңгерді. Ол үшін цехтарда әртүрлі инженерлік техникаларды жөндеуге арналған 400-дей қосалқы бөлшектер мен құралдарды өзіміз жасаймыз. Зауыт тарихында қиын кезеңдер де болды, бірақ ең бастысы өндіріс қуаты мен баға жетпес еңбек тәжірибесін сақтап қалдық. Осындай сирек өнімдерді шығаратын мамандардың еңбегі мен талантын мақтан тұтамыз. Олардың өндірістегі жетістіктері үшін көптеген марапаттарға ие болып жүргенін айта кету керек», - дейді зауыттың бас директоры Нұрлан Омаров.

    Бүгінде зауыт шынжыр табанды техника ГТ-ТБУ транспортердің ұзартылған жаңа үлгісін табысты шығарып келеді.

    «Семей машина жасау зауытына» - 50 жыл
    Сурет: Қазақстан инжиниринг: Facebook

    Оның ерекшелігі жүк алаңының кеңдігінде жатыр. Соның арқасында машинаның техникалық сипаттамалары артып (жалпы салмағы 4 тонна дейін бұрғылау, сорғылау және басқа да қондырғыларды) өндіруші өнеркәсібінің әртүрлі салаларында тиімді пайдалануға мүмкіндік берді.

    «Семей машина жасау зауытына» - 50 жыл
    Сурет: Қазақстан инжиниринг: Facebook

    Өндірістік үлгілердің молаюы кәсіпорынның Қазақстандағы және ТМД-дағы орнын нығайтып, ресейлік мұнай өндіруші және геофизикалық компаниялармен байланысын арттыра түсті. Қазіргі таңда «Семей машина жасау зауыты» ТМД аумағындағы шынжыр табанды техникаларды шығаратын жалғыз кәсіпорын болып табылады.

    Н.Омаровтың айтуынша қазақстандық құрамның үлкен үлесі бар машиналарды шығарады және олар аталған техникаларға қойылатын жоғары талаптарға сай, әрі сапасы осы тектес шетелдік өнімдерден кем түспейді.

    "Семей машина жасау зауыты" жайлы не білеміз?

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.