jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Ерлан Тұрғымбаев полицейлердің жалақысын көтеруді ұсынды

    : UGC

    Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев құқық қорғау органдары арасында еңбекақы төлеудің бірыңғай тетігін ойластыруды ұсынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Көрнекі фото: NUR.KZ
    Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

    Ведомство басшысы сенаттағы үкімет сағатында полицейлердің жалақысы жөнінде мәселе көтерген.

    Айтуынша, бүгінде құқық қорғау органдары арасында еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі жоқ. Біртекті функцияларды атқаратын полицейлердің (тергеушілер, жедел қызметкерлер, сарапшылар) жалақысы, басқа құқық қорғау органдарына қарағанда төмен және бұл айырма 47% құрайды. Оның үстіне, полицейлердің жүктемесі әлдеқайда жоғары.

    Ал ведомстволық оқыту мекемелеріндегі жағдай тіпті қиын – тәжірибесімен бөлісетін қызметкерлерді қосқанда, білікті профессорлық-оқытушылық құрамды тарту елеулі қиындық тудырады.

    Өйткені қазір оқу орнының түлегі оқытушыға қарағанда көбірек жалақы алады: учаскелік инспектор айына – 170 289 теңге алса, оқытушылар – 133 347 теңге табады.

    Сондай-ақ жалдамалы баспананың өтемақысы бойынша жеңілдіктер барлық қызметкерлерге қарастырылмаған. Бүгінде аталаған жеңілдікке жедел-тергеу бөлімшелерімен қатар, учаскелік полицейлер, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлар және патрульдік полиция қызметкерлері ғана қол жеткізе алады.

    "Біз жалдамалы пәтердің өтемақысын алатын қызметкерлер тізімін ұлғайттық. Қазір өтемақыны 15 571 адам немесе баспанаға мұқтаж қызметкерлердің 46,4%-ы алады.
    Біздің көзқарасымыз бойынша, құқық қорғау органдары арасында еңбекақы төлеудің бірыңғай тетіктерін ойластыру қажет және жалақы деңгейі қосымша жеңілдіктерден бас тартатындай болуы керек", – деді Тұрғымбаев.

    Еске сала кетейік, бұған дейін ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ведомстводағы бастықтар тарапынан жасалған қателіктерге көз жұмып қарамайтынын ескерткен болатын.

    Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

    Ерлан Тұрғымбаев полицейлердің жалақысын көтеруді ұсынды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.