jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Келесі жылдан бастап кімдердің жалақысы 330 мың теңгеге дейін өспек

    Ақша
    Көрнекі фото: NUR.KZ

    ОКҚ-ның онлайн-брифингі барысында ІІД әкімшілік полиция комитетінің басшысы Мұрат Баймұқашев келесі жылдан бастап Қазақстандағы учаскелік полиция қызметкерлерінің жалақысын өсіру жоспарланып отырғаны туралы мәлімдеді. Жалақыны 30% -ға көтеру жоспарлануда деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    "2019 жылы учаскелік полиция қызметкерлерінің жалақысы 25%-ға көтерілді. 2020 жылдан бастап олардың көмекшілерінің жалақысы 30%-ға көтерілді. Бүгінде учаскелік полиция қызметкерлерінің жалақысы 177-ден 260 мың теңгеге дейін жетеді. Келесі жылдан бастап учаскелік полиция қызметкерлерінің жалақысы тағы 30 пайызға, ал олардың көмекшілерінің жалақысы 7 пайызға көтеріледі", - деді комитет басшысы.

    Жалақы 30%-ға өскен жағдайда учаскелік офицерлер айына 230 мыңнан 338 мың теңгеге дейін алатын болады. Баймұқашев сонымен қатар учаскелік полиция қызметкерлері мен олардың көмекшілеріне тұрғын үйді жалға алғаны үшін өтемақы төленетінін қосты.

    "2021 жылдың 1 сәуірінен бастап олар осы тұрғын үй төлемдерін тұрғын үйді сатып алу үшін - бөліп төлеу немесе ипотекалық несие алу арқылы пайдалана алады", - деді спикер.

    Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанның қай өңірінде жалақы жоғары екендігін жазған едік.

    Қазақстан азаматтарының орташа айлық жалақысы 231 мың теңгені құрайды. Бұл туралы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді.

    Салалар бойынша ең үлкен атаулы жалақы тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу саласында екендігі анықталып отыр. Олар айына 509,8 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 2,2 есе жоғары) жалақы алады екен.

    Келесі жылдан бастап кімдердің жалақысы 330 мың теңгеге дейін өспек

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.