jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Риза Шайқақ
    Риза Шайқақ
    Бұрынғы қызметкер

    Елімізде ұн мен қант қоры жеткілікті ме: Министрлік жауап берді

    дүкен 777
    Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

    Ауыл шаруашылығы министрлігі еліміздегі азық-түлік қорына қатысты ақпарат ұсынды. Ведомство ішкі нарықтың азық-түлікпен қамтамасыз етілуін үнемі тексеріліп тұратынын жеткізді деп жазады Sputnik Қазақстан.

    Министрлік мәліметі бойынша, республикада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің жалпы қоры шамамен 1,5 миллион тоннаны құрайды, оның ішінде:

    • ұн – 145,1 мың тонна,
    • қант – 47,6 мың тонна,
    • күріш – 40,2 мың тонна,
    • макарон – 21,3 мың тонна,
    • 1 миллион тонна көкөніс өнімдері.

    "Азық-түлік өндірісі тоқтап жатқан жоқ, оның қоры жүйелі түрде толықтырылып отыр. Жарма, ұн, консерві және басқа да тауарды өндіруге қажетті шикізат жеткілікті, сондай-ақ ет пен сүт өнімдерін дайындауға арналған мал саны да жеткілікті көлемде", - деп сендірді министрлікте.

    Көп жылдан бері Қазақстан астық пен ұн өндіру және әлемдік нарыққа жеткізу бойынша көшбасшы орындардың бірінде тұр.

    1 ақпандағы дерек бойынша республикада дәнді және бұршақ-дәнді дақылдардың қоры 10 миллион тонна. Осылайша Қазақстанда жалпы алғанда азық-түлік қоры мынадай:

    • 8,1 миллион тонна бидай (оның ішінде 6,7 миллион ​​тонна азық-түлікке арналған астық және 0,3 миллион тонна мал азығы),
    • 1,2 миллион тонна арпа,
    • астыққа арналған жүгері – 157 мың тонна,
    • қара бидай – 26 мың тонна.

    "Сондықтан республика ішкі нарықтың астыққа деген сұранысын өз өндірісі есебінен қамтамасыз етуге толық қауқарлы", - деп министрлікте.

    Әкімдіктер ұсынған мәліметке сәйкес, 4 наурыздағы жағдай бойынша қолда 47,6 мың тонна қант (тұрақтандыру қорларында – 3,7 мың тонна, сауда нысандарында – 26,7 мың тонна, кәсіпорындарда – 11,2 мың тонна, қоймаларда – 5,8 мың тонна) бар.

    Сондай-ақ Қазақстан 2022 жылдың 31 тамызына дейінгі тарифтік жеңілдікті қолдана отырып, 250 мың тонна көлемінде қант (ақ және шикі қамыс қанты) импорттауға құқылы.

    Елімізде ұн мен қант қоры жеткілікті ме: Министрлік жауап берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.