jitsu gif
Қаржы

    Алматы әкімі Ерболат Досаев қанша жалақы алатынын айтты

    Ерболат Досаев
    Фото: primeminister.kz

    Алматы әкімі Ерболат Досаев қанша жалақы алатынын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистер Алматы әкімінен қанша жалақы алатынын сұрады.

    "980 мың теңге. Кейде бізге барлық мемлекеттік қызметкерлер сияқты сыйақы беріледі. Айлығым 980 мың теңге", - деп жауап берді Ерболат Досаев.

    Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ерұлан Жамаубаев үкімет кулуарында жалақысының мөлшерін айтқан болатын.

    Жамаубаевтың сөзінше, ол Қаржы министірінің міндетін ғана емес, вице-премьер қызметін де қоса атқарады. Сондықтан шамамен айына 1,5 миллион теңге көлемінде жалақы алады.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.