Қазақстанда бас жуатын сусабындар бірден 42 пайызға қымбаттап кетті
Жарияланған күні:

Қазақстанда шаш күтіміне арналған өнімдер 41,7 пайызға қымбаттап кеткен. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
"Сусабындар бір жылда 41,7%-ға қымбаттады, сонымен бірге мұндағы өндірістің азайғаны да байқалды. Шаш күтімі өнімдерін, атап айтқанда, сусабындар, шашқа арналған лактар және шашты бұйралауға немесе сәндеуге арналған өнімдер өндірісі 10,3%-ға төмендеді. Осылайша 2022 жылдың 12 айында 606 тоннадан астам өнім өндірілген.
Өз кезегінде импорт 18,1%-ға өсті. Сырттан 24,3 мың тонна шампунь мен шашқа арналған лак әкелінді. Импорт өнімдерінің үлесі 97,6 пайызды құрады.
12 айдың қорытындысы бойынша ішкі нарықта жоғарыда аталған өнімдердің 24,1 мың тоннасы сатылған", - делінген бюро хабарламасында.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/economy/2011963-elimizde-bas-zuu-birden-42-paiyzga-qymbattap-ketti/