jitsu gif branding logo appbranding logo app
Қаржы

    Жұмыс берушілер жыл сайын инфляцияға қарай жалақыны көтеруге міндеттелуі мүмкін

    Әйел адам қол қоюда
    Құжатқа қол қою. Көрнекі фото: Рexels.com

    Жекеменшік компаниялар инфляция деңгейіне қарай қызметкерлердің жалақысын индексациялауға міндеттелуі мүмкін. Ұжымдық шартқа осындай өзгеріс енгізу ұсынылып отыр. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

    Сенаттың жалпы отырысынан кейін өткен брифингте журналистер Еңбек министрінен жекеменшік компанияларда істейтін қызметкерлердің жалақысын жыл сайын инфляция деңгейіне қарай индексациялау туралы сұраған.

    Дүйсенованың айтуынша, Еңбек кодексінде жұмыс беруші мен жұмысшы арасында ұжымдық келісімшарт қарастырылған. Ұжымдық шарттардың көбінде жыл сайынғы индексация туралы норма қазірдің өзінде бар. Бірақ онда жұмыс берушілер индексация жасауға міндетті емес, құқылы деп жазылған.

    "Енді депутаттар мұны міндеттеуді және ұжымдық шартқа жалақы индексациясын енгізуді ұсынып отыр. Бұл жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы қарым-қатынас қой, олар келісімшарт бекіткенде, мемлекет араласпайды. Сол себепті мемлекет заңнамалық тәртіпте мұны бекіте алады. Біз депутаттардың ұсынысын қарастырып жатырмыз және қолдаймыз", – дейді Тамара Дүйсенова.

    Жұмыс берушілер жыл сайын инфляцияға қарай жалақыны көтеруге міндеттелуі мүмкін

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.