jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Рамазан Есмағамбетов
    Рамазан Есмағамбетов
    Бұрынғы қызметкер

    ҚазМұнайГаз желіде тараған кен орындарындағы алыпсатарлық операциялар туралы ақпаратты жоққа шығарды

    "ҚазМұнайГаз" ҰҚ АҚ-ның мекемесі
    "ҚазМұнайГаз" ҰҚ АҚ-ның мекемесі. Көрнекі сурет: "ҚазМұнайГаз" ҰҚ АҚ

    "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ желіде "Өзенмұнайгаз" компаниясы өндіретін мұнай бағасын белгілеуге қатысты шындыққа жанаспайтын ақпараттың кеңінен таралуына байланысты ескертпе жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Баспасөз қызметінің берген ақпаратына сай ҚМГ-нің мұнай өндіретін ұйымдарының, соның ішінде "Өзенмұнайгаз" акционерлік қоғамының экспортқа шығатын барлық өнімін жеке делдал емес, "ҚазМұнайГаздың" жүйелік трейдері сатып алады.

    "Өзенмұнайгаздың" экспортқа шығатын барлық мұнай мөлшері әлемдік мұнай бағасына сай сатып алынады.

    "Сондай-ақ ҚМГ ішкі нарықтың қажеттілігіне арналған ӨМГ өнімін де делдалдарсыз сатып алады.

    Оның үстіне, халық үшін отын бағасының қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін мұнай өнімдерін сату кезінде шекті бағаны мемлекет белгілейді, сондықтан бұл "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ үшін тиімсіз болып табылады. Шығынды азайту мақсатында ҚМГ өңдеуге жіберілетін мұнай кен орындарының өнімін экспорт бағасынан қарағанда әлдеқайда төмен бағамен сатып алып, мұнай өңдеу зауыттарына жіберіледі.

    Осылайша "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ кен орындарынан мұнайды төмендетілген бағамен ішкі нарыққа сатып, одан әрі оны үшінші тұлғалардың экспортқа қайта сатуы бойынша алыпсатарлық операциялар жайлы ақпарат шындыққа жанаспайды", - делінген "ҚазМұнайГаз" ақпаратында.

    ҚазМұнайГаз желіде тараған кен орындарындағы алыпсатарлық операциялар туралы ақпаратты жоққа шығарды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.