jitsu gif branding logo appbranding logo app
Қаржы

    Қазақстан туристік жарна есебінен жыл басынан бері қанша табыс тапқаны белгілі болды

    Турист
    Турист. Көрнекі фото: pexels.com

    Қазақстанға келген шетелдік туристер туристік жарна төлеуге міндетті. Туристік жарна есебінен жыл басынан бері еліміздің бюджетіне қанша қаржы түскенін Мәдениет және спорт министрлігінің ресми сайтында хабарлады.

    Ведомство мәліметінше, 2023 жылдың басынан шетелдіктерден жергілікті бюджетке туристік жарна есебінен түскен қаражат сомасы 314 млн теңгеге жуықтайды.

    Туристік жарна түсімі бойынша көш басында – Алматы қаласы тұр. Туристік жарнадан түскен жалпы соманың 86 пайызы немесе 270,6 млн теңге оңтүстік астанаға тиесілі.

    Бұл көрсеткіш бойынша екінші орында Астана қаласы. Елорда бюджетіне туристік жарнадан шамамен 37,7 млн теңгеден астам қаржы түскен.

    Туристік жарна есебінен түскен қалған сома (5,7 млн теңге) туристік жарна алынатын басқа өңірлердің әкімдіктеріне тиесілі.

    Министрлікте туристік жарна төлеу әлемдік тәжірибе екенін атап өтті.

    "Туристік жарнадан түскен қаражат туристік инфрақұрылымды дамытуға, аумақтарды абаттандыруға, туристік мүмкіндіктерді ілгерілету бойынша іс-шараларды іске асыруға бағытталуы керек. Бұл өңірлерге келетін туристердің санын арттыруға ынталандыратын болады", – дейді Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков.

    Ведомство ақпаратынша, туристік жарна – хостел, жалға берілетін баспаналардан бөлек орналасу орындарында болған әрбір тәулік үшін туристерден алынатын төлем.

    Туристік жарна мөлшерін жергілікті әкімдіктер белгілейді. Қаражат та жергілікті атқарушы органдардың бюджетіне түседі.

    Қазақстан туристік жарна есебінен жыл басынан бері қанша табыс тапқаны белгілі болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.