jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Рамазан Есмағамбетов
    Рамазан Есмағамбетов
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстанда кеңсе тауарлары күрт қымбаттады

    Мектеп жабдықтары
    Мектеп жабдықтары. Көрнекі фото: pexels.com / Katerina Holmes

    Бір жылдың ішінде Қазақстанда кеңсе тауарларының құны 1,5 еседен астам өскен. Оқушы рюкзактары мен оқу құралдарының бағасы қаншаға көтерілгенін KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.

    Биыл шілде айында Қазақстанда жылдық инфляция 14 пайызды құрады. Азық-түлік емес тауарлар жыл ішінде 15 пайызға қымбаттаған. Оның ішінде әсіресе кеңсе тауарларының бағасы күрт көтерілген, ол 2022 жылдың шілдесімен салыстырғанда 64,4 пайызға қымбаттаған.

    Ұлттық статистика бюросы мәліметінше, кеңсе тауарлары бағасының күрт өсімі өткен жылы тамыз айында бір жыл ішінде 60,5 пайызға қымбаттаған кезде тіркелген. Сол уақытта көтерілген бағалар бүгінде әлі сақталуда.

    Мектепке қажетті жабдықтардың ішінде дәптердің орташа құны айтарлықтай өскен – жылына 77,2 пайызды құрайды. Қаламдар 38,6 пайызға, түрлі-түсті қарындаштар 41,9 пайызға, сурет дәптері 44,1 пайызға қымбаттаған.

    Бұл ретте сөмкелер мен оқушы рюкзагының бағасы жылына 41 пайызға өскен. Олардың орташа бағасының күрт өсуі өткен жылдың тамыз айында да байқалған – ол кезде бұл көрсеткіш 44 пайызды құрады.

    Кеңсе тауарларының бағасы аймаққа, сауда орнына, өндірушіге және т.б. факторларға байланысты әртүрлі болуы мүмкін.

    Қазақстанда кеңсе тауарлары күрт қымбаттады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.