jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Рамазан Есмағамбетов
    Рамазан Есмағамбетов
    Бұрынғы қызметкер

    Алматыдағы жанармай құю бекеттерінің бірінде АИ-95 маркалы бензин 385 теңгеге дейін қымбаттады

    Бензин құйып жатқан ер адам
    Жанармай құю бекеті. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Алматылықтарды қаланың кейбір жанармай құю бекеттеріндегі АИ-95 бензинінің бағасы таң қалдырды. Осыған байланысты жанар-жағармай бағасы да қымбаттаған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Алматылық көлік жүргізушілер "Газпромнефть" компаниясына қарасты кейбір жанар-жағармай құю бекеттерінің ақпараттық таблоидтарында АИ-95 маркалы бензиннің бір литрі 385 теңгеге жеткенін байқады.

    Бұл ретте АИ-92 бензинінің бір литрі 205 теңгеден, дизель отыны 295 теңгеден сатылуда.

    Сондай-ақ кейбір басқа компаниялардың ресми сайтындағы мәліметке сәйкес, жанармай құю бекеттерінде АИ-95 маркалы бензиннің тұрақты бағасы бар: Helios-та литріне – 252 теңге, Royal Petrol-да литріне – 250 теңге.

    "Газпромнефть" жанармай құю бекетіндегі бензин бағасы
    "Газпромнефть" жанармай құю бекетіндегі бензин бағасы. Фото: NUR.KZ

    Баға ненің салдарынан көтерілді

    "Газпромнефть" жанармай құю бекетіндегі қызметкерлердің бірі NUR.KZ тілшісіне түсіндіруінше, бағаның көтерілуі АИ-95 маркалы бензинінің құрамына, дәлірек айтсақ, жанармайдың G-Drive деп аталатын нұсқасына байланысты.

    Аталған бензиндегі G-Drive жанармайы Ресейдің Омбы қаласынан әкелінген, сондықтан оның бағасы жоғарылаған. Бірақ G-Drive жанармайы бітіп, жергілікті өндірілген бензин жанармай құю бекеттеріне жеткізілген соң баға қайта түсуі мүмкін деген болжам бар.

    Бұл ретте компанияның жанармай құю бекетінде АИ-95 маркалы бензиннің кәдімгі нұсқасы жоқ екені атап өтілді.

    Алматыдағы жанармай құю бекеттерінің бірінде АИ-95 маркалы бензин 385 теңгеге дейін қымбаттады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.