jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

    Абай облысы экономикалық дамудың жоғарғы көрсеткішін көрсетті

    ҚР Ұлттық экономикасының даму қорытындыларына арналған отырыс
    Фото: Абай облысының әкімдігі

    Алғашқы тоғыз айдың қорытындысына сәйкес Абай облысы әлеуметтік-экономикалық дамудың барлық негізгі көрсеткіштері бойынша елімізде көшбасшы өңірлердің қатарында.

    Бүгін ҚР Үкіметінің қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларына арналған отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров барлық 7 экономикалық көрсеткіштен 5 өңірде – Абай, Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстарында, сондай-ақ Алматы және Шымкент қалаларында өсім барын атап өтті.

    Қазіргі уақытта ел экономикасының жалпы өсу қарқыны 4,7%-ды құрады. Нақты сектор 3,7%, ал қызмет көрсету саласы 5,1% өсім көрсетті. Негізгі капиталға салынған инвестициялар да 12,1%-ға өскен. Экономиканың осы секторында Абай облысы – Маңғыстау, Түркістан және Павлодар облыстарымен қатар ең үздік көрсеткіштерді көрсетіп отыр.

    ҚР Ұлттық экономикасының даму қорытындыларына арналған отырыс
    Фото: Абай облысының әкімдігі

    "Алдын ала қорытынды нәтижесінде 2023 жылғы қаңтар-тамызда сыртқы сауда айналымы 4,2%-ға өсіп, 91,1 млрд долларды құрады. Экспорт 51,2 млрд долларды құрап, оның ішінде өңделген тауарлар экспорты 16,2 млрд долларға жетті. Жалпы, оң сауда балансы 11,4 млрд долларға тең", - деді Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров.

    Инвестициялар диаграммасы
    Сүрет: Абай облысының әкімдігі

    Сондай-ақ орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 12,6%-ға артқан. Оң динамика 19 облыста байқалған, оның ішінде Абай облысы да бар. Бүгінде республикада 11,7 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Бұл салада ең жоғары көрсеткіш Астана қаласында, сондай-ақ Ұлытау, Қызылорда және Абай облысында тіркелді.

    Құрылыс диаграммасы
    Сүрет: Абай облысының әкімдігі

    "9 айдың қорытындысы бойынша Абай, Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстары мен Алматы және Шымкент қалаларында барлық негізгі көрсеткіштердің өсуі тіркелді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде инфляция деңгейі 11,8%-ке дейін төмендеді. Жылдың соңына дейін 2,5 ай қалды. Экономиканың барлық салаларында өсу қарқынын арттыру үшін жұмысты күшейтіп, нақты шаралар қабылдау керек", - деді Әлихан Смайлов.

    Отырыс барысында ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов барлық өңірлер нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізуді қамтамасыз етіп, осы бағыттағы жұмысты белсенді жалғастыруы қажет екенін атап өтті.

    ҚР Ұлттық экономикасының даму қорытындыларына арналған отырыс
    Фото: Абай облысының әкімдігі

    Абай облысы экономикалық дамудың жоғарғы көрсеткішін көрсетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.