jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ардақ Құлтай
    Ардақ Құлтай
    Бұрынғы қызметкер

    Атырауда ауаны ластаған компания 7 млрд теңге айыппұл төледі

    Karabatan Utility Solutions кәсіпорны
    Karabatan Utility Solutions кәсіпорны. Фото: kus.com.kz

    Компания ауаға көмірқышқыл газын шамадан асырып шығарған, деп хабарлайды "Мой город".

    Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, бұл Karabatan Utility Solutions компаниясы екен. Кәсіпорын шығарындыларының нақты көлемі 743 105,874 тоннаға жеткен. Ал бұған дейін министрлікпен 35 482 тонна көмірқышқыл газы шығарындыларына квота көлемі келісілген.

    "Осылайша, Karabatan Utility Solutions ЖШС қондырғыны көміртегі квоталарының бөлінген көлемін асыра отырып пайдаланды. Департамент акт жасап, ережебұзушылықты жою туралы бұйрық шығарды. ҚР ӘҚБтК-нің 329-бабында көзделген ("Парниктік газдар шығарындыларына квотаның белгіленген және қосымша алынған көлемінен асып кету") әкімшілік іс қозғалды, - делінген хабарламада.

    Компаниядан мемлекет пайдасына 7 миллиард теңге өндірілген.

    Атырауда ауаны ластаған компания 7 млрд теңге айыппұл төледі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.