jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Рамазан Есмағамбетов
    Рамазан Есмағамбетов
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстанда 20-дан астам жаңа су қоймасы салынады

    Су қоймасы
    Су қоймасы. Көрнекі фото: pexels.com

    Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов 2027 жылға қарай Қазақстанда әр түрлі аймақта 20 жаңа су қоймасы салынатынын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Министр 2027 жылға қарай қосымша 2 текше метр сумен қамтамасыз ету мақсатында 20 шақты жаңа су қоймасын салу жоспарланып жатқанын мәлімдеді. Сонымен қатар кем дегенде қолданыстағы 15 су қоймасы қайта жөндеуден өтеді.

    "Қосымша су көлемін ұлғайту бойынша концепцияны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының бірінші кезеңінде Жамбыл, Қызылорда, Алматы, Ақмола және Батыс Қазақстан облыстарында 2025 жылға дейін сегіз жаңа су қоймасын салу жоспарлануда. Су қоймаларының аумағы 1,7 текше шақырым", — деді министр.

    Оның айтуынша, Ақтөбе, Қызылорда, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында 12 су қоймасын салу, сондай-ақ 15 гидротехникалық құрылысты қайта жөндеу жоспарланып жатыр.

    Қазақстанда 20-дан астам жаңа су қоймасы салынады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.