jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ардақ Құлтай
    Ардақ Құлтай
    Бұрынғы қызметкер

    "90 миллиард теңге жеткіліксіз". Ұлытау облысының әкімі өңірдегі басты проблеманы айтты

    Жол жөндеу жұмыстары
    Жол жөндеу жұмыстары. Көрнекі фото: pixabay.com

    Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы ОКҚ брифингінде өңірдің басты проблемасы жол жағдайы екенін мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Біздің ең үлкен проблемамыз – жолдар. Әсіресе Қызылорда мен Жезқазған арасындағы жол", - деді Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы.

    Ол Қызылорда жағынан жол бөлігі салынып жатқанын, бірақ биыл бағаның өсуіне байланысты Жезқазған жағынан жол бөлігінің құрылысы тоқтатылғанын айтты.

    "Жол құрылысына бөлінген 90 миллиард теңге жеткіліксіз болды. Қазір Үкімет Азия даму банкімен (АДБ) бірлесіп ұлғайтты (қаржыландыруды – ред.ескертпесі) 145 миллиардқа дейін. Келесі жылы 50 миллиард қаржы бөлініп, байқау өткізіліп жатыр", - деді өңір басшысы.

    Жалпы, оның айтуынша, жолдардың нашар жағдайы аймақтың дамуын және инвестиция тартуды шектеп отыр. Бұл сонымен қатар импортталған өнімдердің құнына да әсер етеді.

    "Жыл басынан бері жалпы алғанда 172 км (6,5%) қайта жаңартылып, жөнделді. Оның ішінде 15 км республикалық және 53 км облыстық маңызы бар автожолдар (10,2 км құрылыс, 6,5 км қайта жаңарту, 36 км орташа жөндеу), "Ауыл – Ел бесігі" бойынша жалпы сомасы 12 млрд теңгеден асатын 45 км және 59 км қалаішілік жолдар жөнделді", - деп түйіндеді спикер.

    Еске салайық, қыркүйек айында Көлік министрі Марат Қарабаев президенттің 2029 жылға дейін республикалық желінің 8 мың шақырым жолының сапасын арттыру және реконструкциялау міндеті қойылғанын баяндаған. Кейінірек Қарабаев Қазақстандағы ең нашар жолдар Батыс Қазақстан облысында, сондай-ақ Атырау, Ақтөбе қалаларында байқалып отырғанын хабарлаған еді.

    "90 миллиард теңге жеткіліксіз". Ұлытау облысының әкімі өңірдегі басты проблеманы айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.