jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Қазақстанда шынайы жалақы мөлшері өспей жатыр

    Ақша санап отырған әйел
    Ақша санап отырған әйел. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Қазақстандағы орташа жалақы мөлшері бір жылда 17,1 пайызға өсті. Бірақ оның шынайы көрсеткіші іс жүзінде еш өзгерген жоқ – небәрі 0,9 пайызға өскен. Бұл ретте ЕАЭО-ға мүше өзге елдердегі жағдай қандай? Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.

    Қазақстанда орташа айлық номиналды жалақы мөлшері тұрақты өсіп жатыр. Мысалы, 2023 жылдың үшінші тоқсанында бұл көрсеткіш 350 542 теңгеге жеткен.

    Ал қаңтар-қыркүйек аралығында Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) мәліметі бойынша, оның көлемі 350 487 теңге болған. Бұл тура 2022 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда орташа жалақы мөлшерінен 17,1 пайызға жоғары.

    Алайда бұл өсімді ел азаматтары байқамауы мүмкін. Өйткені, номиналды көрсеткіште көптеген фактор, оның ішінде елдегі тауарлар мен қызметтер бағасының өсуі ескерілмейді.

    Бұл ретте инфляция шынайы орташа айлық жалақы индексінің ішінде болғандықтан, ол Қазақстанда іс жүзінде өспей жатыр десе болады.

    ЕЭК мәліметіне сүйенсек, тұтынушылық индекстегі баға есепке алынбаса, 2023 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында қазақстандықтардың шынайы жалақы мөлшерінің өсімі небәрі 0,7 пайызды құраған, бұл Еуразиялық экономикалық одаққа мүше барлық ел арасындағы ең төменгі көрсеткіш.

    Мысалы, Арменияда шынайы жалақы мөлшері бір жылда – 13,4 пайызға, Беларусьте – 10,1 пайызға, Қырғызстанда – 10,7 пайызға, Ресейде – 7,4 пайызға өсті.

    Бірақ елдегі жағдай айтарлықтай жақсарғанын да ескеру қажет. Өйткені бұған дейін инфляция деңгейі жоғары болғандықтан, қазақстандықтардың жалақысының сатып алу қабілеті тіпті төмендеген кездері болған.

    Қазақстанда шынайы жалақы мөлшері өспей жатыр

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.