jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Рамазан Есмағамбетов
    Рамазан Есмағамбетов
    Бұрынғы қызметкер

    "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының жаңа инвесторы Андрей Лаврентьев туралы не белгілі

    Андрей Лаврентьев
    Андрей Лаврентьев. Фото: facebook.com/Андрей Лаврентьев

    Бизнесмен Андрей Лаврентьев "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының жаңа инвесторы қызметіне келді. Компанияның жаңа басшысы туралы не білеміз? Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.

    "Юрист" ақпараттық іздеу жүйесі мәліметі бойынша, Андрей Лаврентьев 1979 жылы маусымның 29-ы Алматыда дүниеге келген. Ол - "Allur компаниялар тобы" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы және AllurAuto компаниясының негізін қалаушылардың бірі.

    "Әділет" жоғары заң мектебін "Құқықтану" мамандығы бойынша бітірген.

    Сондай-ақ ол "АгромашХолдинг KZ" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы.

    Сонымен қатар ол "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мүшесі, ALMA University Қамқоршылық кеңесінің мүшесі;

    "Қазақстан автомобиль бизнесі" қауымдастығының президенті әрі негізін қалаушылардың бірі, Қазақстан машина жасау одағы басқармасының мүшесі.

    Андрей Лаврентьев "Құрмет" және "Парасат" орденінің иегері, "Құрметті машина жасаушы" төсбелгісі және тағы да басқа марапаты бар.

    Оған қоса ол Қазақстанда өткен Ernst&Young халықаралық "Жыл кәсіпкері 2014" байқауының жеңімпазы, ал Forbes журналының "ҚР 50 ықпалды бизнесмені-2020" тізіміне еніп, 41-орыннан көрінген.

    Лаврентьев үйленген, алты баласы бар.

    Еске салайық, бүгін, желтоқсанның 8-і үкіметте өткен брифингте өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев "АрселорМиттал Теміртаудың" жаңа инвесторының есімін жариялағанын жазған едік.

    "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының жаңа инвесторы Андрей Лаврентьев туралы не белгілі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.