jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Аида Тақабаева
    Аида Тақабаева
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстанда ауылға барған дәрігерлерге 8,5 млн теңгеден берілмек

    Дәрігер науқасты қарап жатыр
    Дәрігер мен науқас. Көрнекі фото: Freepik

    Мәжіліс бүгін жалпы отырыста денсаулық сақтау мәселелері бойынша заңды қабылдап, Сенатқа жолдады. Ондағы түзету бойынша ауылға баратын дәрігерлерге 8,5 млн теңгеден бірреттік көтерме ақы беру қарастырылған. Бұл жөнінде Мәжілістің Telegram арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    "Amanat партиясының сайлауалды бағдарламасында енді ауылға баратын жас дәрігерлерге ауылға баруды ынталандыру үшін біз бір мезгіл көтерме ақша береміз деген едік. Қазіргі уақытта осы берген уәдемізді орындап отырмыз. Бұл заң жобасы қабылданды.

    Енді ауылға барған медицина саласы бойынша жұмыс істейтін жас маман 100 ең төмен жалақы шеңберінде көтерме ақы алады", - деп нақтылады кулуарда парламент мәжілісінің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Асхат Аймағамбетов.

    Бұл ретте Аймағамбетов бұған дейін беріліп келген жеңілдіктердің ешқайсысы алынып тасталмайтынын атап өтті.

    "Қазіргі уақыттағы "Дипломмен ауылға" бойынша несиесі бар, басқа да көтерме ақысы бар, оны ешкім алып тастаған жоқ. Сол бар көтерме ақының үстіне медицина саласында жұмысқа баратын мамандарды қолдау үшін, ауылдағы медицинаны дамыту үшін, ауылдағы мамандар жетіспеушілігі проблемасын шешу үшін 100 ең минималды айлыққа тең көтерме ақыны беріп отырмыз. Биылғы жылы бұл - 9 миллионға жуық қаражат", - деді мәжіліс депутаты.

    Айта кетерлігі, ең төменгі жалақы өскен сайын төлем мөлшері де өседі.

    Қазақстанда ауылға барған дәрігерлерге 8,5 млн теңгеден берілмек

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.