jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Министр 2035 жылға қарай Астана халқының саны 2,3 миллионға жетуі мүмкін екенін айтты

    Астанадағы аялдама
    Астанадағы аялдама. Фото: Астана қаласы әкімдігі

    Үкімет отырысында ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Астана тұрғындарының өсімі бойынша жаңа болжам айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Нұрлан Байбазаров Астана агломерациясын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспарымен таныстырды.

    "Кейінгі 10 жыл ішінде елорда тұрғындарының саны 46 пайызға өсті, болжам бойынша 2035 жылға қарай Астанада 2,3 млн адам тұрады", - деді министр.

    Сонымен қатар Байбазаров Астанаға облыстардан күніне қанша адам келетіні туралы нақты есепті де жария етті.

    Премьер-министрі Олжас Бектенов елорда тұрғындары санының өсуі еңбек нарығына кері әсер етуі мүмкін екенін айтқан болатын.

    Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2024 жылғы 1 қаңтардағы мәлімет бойынша Астанада 1 430 136 адам тұрады.

    Министр 2035 жылға қарай Астана халқының саны 2,3 миллионға жетуі мүмкін екенін айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.