jitsu gif
Қаржы

    Қазақстанда биыл ұялы байланыс бағасының өсуі рекордтық көрсеткішке жетті

    Телефон ұстап тұрған адам
    Телефон ұстап тұрған адам. Көрнекі фото: Unsplash/Luis Villasmil

    Биыл ақпанның соңында Қазақстанда ұялы байланыс бағасы бір айда 6,2 пайызға жоғарылаған. Бұл соңғы 13 жылдағы рекордтық көрсеткіш. Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.

    Ұялы байланыс операторларының қызмет бағасы қазақстандықтар үшін өзекті тақырыптардың бірі. Интернет я ұялы байланыс қызметтерінің қымбаттауына байланысты елде бірнеше рет дау туындаған. Алайда кейбіреулер Қазақстандағы ұялы байланыс бағасы тым төмен дейді. Олардың айтуынша, егер ұялы байланыс бағасы төмен болса, қызмет көрсету сапасына кері әсері тиеді.

    Дегенмен ақпанда Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, ұялы байланыс қызметтерінің бағасы айына 6,2 пайызға артқан. Бірінші кредиттік бюроның Data Hub Telegram арнасы сарапшыларының айтуынша, статистика бойынша бұл 2011 жылдың қаңтарынан бергі ең жоғары айлық көрсеткіш.

    Бір жыл бойғы мерзімді алып қарасақ, баға өсімі 12,4 пайыз болған, бұл да ең жоғары көрсеткіш. Бұл ретте айта кетейік, ұялы байланыстың орташа бағасы үздіксіз өскен болатын – соңғы рет баға 2018 жылдың ақпанында төмендеген.

    Ең қызығы, бұл ретте Интернет үшін абоненттік төлем мөлшері ұялы байланыс бағасы сияқты тез өспейді – ақпанда өсім көрсеткіші айына небәрі 0,2 пайыз, жылына 3,5 пайыз болған. Ал сол арада ақпанның соңында қазақстандық қызмет көрсетудің орташа бағасы бір жыл ішінде бірден 12,8 пайызға жоғарылаған.

    Еске салайық, бұған дейін Қазақстан мобильді интернеті ең арзан елдердің тізіміне енген болатын.

    Қазақстанда биыл ұялы байланыс бағасының өсуі рекордтық көрсеткішке жетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.