jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ГҚ
    Гүлзат Қазанғапова
    Бұрынғы қызметкер

    Су тасқынынан зардап шеккендерге келтірілген шығындар қалай өтеледі

    Аулаларды алып жатқан еріген қар суы
    Еріген қар суы. Видеодан кадр: КТК арнасы

    Үкімет су тасқынынан зардап шеккендерге келтірілген шығынды өтеуге қажетті қаржыландыру көздерін талқылады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған хабарлайды.

    Үкіметте Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны кезеңінің зардаптарын жою жөніндегі республикалық штабтың отырысы өтті.

    Штаб жұмысы аясында премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардан зардап шеккендерге келтірілген зиянды өтеуге қаражат жергілікті атқарушы органдар (ЖАО), яғни әкімдік резервінде көзделгенін баяндады.

    Залалдың алдын ала мөлшерін ЖАО, өнеркәсіп және құрылыс, сондай-ақ төтенше жағдайлар министрліктері айқындайды.

    Қосымша қажеттілік туындаған жағдайда қаржыландыру үкіметтің резервінен қарастырылады.

    Іс-әрекет алгоритмі:

    • материалдық зардап шеккендер ТЖ туындаған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде ЖАО-ға материалдық залалды өтеу туралы өтініш береді.
    • ЖАО өтініш тіркелген күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде келтірілген залалдың мөлшерін бағалауды ұйымдастырады. Тұрғын үйі қауіпті деп танылған зардап шеккен азаматтардың тізімін жергілікті әкімдіктер қалыптастырады.
    Су тасқынынан зардап шеккендерге келтірілген шығындар қалай өтеледі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.