jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Аида Тақабаева
    Аида Тақабаева
    Бұрынғы қызметкер

    Су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланған өңірлерде азық-түлік қымбаттаған

    Еліміздің кей аймақтарында азық-түлік тауарларының бағасы 30%-ға қымбаттаған
    Жұмыртқа және ақша. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Сауда министрлігі Қазақстанның су тасқынынан зардап шеккен өңірлерінде азық-түлік бағасын көтеру фактілері анықталғанын айтты. Бұл туралы ведомствоның ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Сауда министрлігінің өкілдері төтенше жағдай режимі жарияланған облыстарда тауарларды жеткізуде проблемалар байқалмайтынын мәлімдеді.

    "Бұдан басқа күн сайын сауда желілерімен және ішкі сауда субъектілерімен жұмыс жүргізілуде, яғни тауарлардың бағасын көтермеу және қолжетімсіз сауда нысандарын азық-түлікпен қамту қажеттілігі түсіндіріледі.

    Су тасқыны кезеңінде әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын көтергені үшін еліміздің 10 өңірі бойынша 46 әкімшілік қаулы шығарылды, оның ішінде 6 айыппұл салынып, 40 ескерту берілді", - делінген министрлік ақпаратында.

    Мысалы, күнбағыс майына, жұмыртқаға, қарақұмыққа және сәбізге сауда үстемені асырғаны үшін Ақтөбе облысындағы 2 сауда объектісі және Атырау облысындағы 2 сауда объектісі қарақұмық, картоп, қырыққабат және қантқа сауда үстемені асырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

    Бағаның өсу фактілері анықталған жағдайда 8 (7172) 74-37-35 нөміріне хабарласуға болады.

    "Сондай-ақ тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі қоғамдық бірлестіктердің барлық өкілдерін азаматтық бастама көтеріп, кәсіпкерлерге бағаның өсуіне жол бермеу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуге шақырамыз", - дейді ведомство өкілдері.

    Су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланған өңірлерде азық-түлік қымбаттаған

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.