jitsu gif branding logo appbranding logo app

    ҚМА гидротехникалық нысандарды салуға бөлінген қаражаттың жұмсалуын тексереді

    Қаржылық мониторинг агенттігі құжаттары
    Қаржылық мониторинг агенттігі құжаттары. Фото: ҚМА

    Қаржылық мониторинг агенттігі гидротехникалық нысандарды салуға бөлінген қаражаттың жұмсалуын тексереді. Бұл туралы ҚМА Telegram-дағы арнасында хабарлады.

    Ведомствоның мәліметінше, мұндай тапсырманы ҚМА төрағасы Дмитрий Малахов берген.

    Ол бөлінген ақшаның қайда кеткенін сапалы тексеру мен бағалауды қамтамасыз ету қажеттігін айтты.

    "Агенттіктің аумақтық департаменттерінің басшылары мемлекеттік органдар мен шаруашылық субъектілерінің қызметіне араласпай, бөгеттер, су бұру объектілерін салу, сондай-ақ өзен арналарын тереңдету үшін ақшаны ұтымды пайдалануды зерделеуі қажет", - деп тапсырды Д.Малахов.

    Агенттік өкілдері мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша үкімет, квазимемлекеттік компаниялар, кәсіпкерлер, қоғамдық қорлар 140 млрд теңгеден астам қаржы бөлгенін еске салды.

    Осы орайда ҚМА басшысы су тасқыны салдарын жою үшін бөлінген ақшаны мақсатты пайдалану мен көмектің зардап шеккен барлық азаматқа нақты жетуін қамтамасыз етуді тапсырды.

    Қаржылық мониторинг органдары Алматы қаласында, Ақтөбе, Қызылорда және Ұлытау облыстарында жымқыру белгілері бойынша төрт іс қозғаған. 5 адам күдікті деп танылды. Залалдың жалпы сомасы 1 млрд теңгеден асты.

    "Сонымен қатар алдын алу жұмыстары зардап шеккендерге көмектесу үшін ақша жинауды жариялайтын алаяқтарға қарсы тұруға бағытталатын болады. Бағаның өсуіне жол бермеуге ерекше назар аудару тапсырылды.

    Ол үшін азық-түлік, ауыз су, дәрі-дәрмек және басқа да қажетті заттар бағасының мониторингі жалғасатын болады. Агенттік сонымен қатар құрылыс материалдарының бағасымен алыпсатарлық тәуекелдерін алдын алу қызметін де жандандырады", - делінген хабарда.

    Анықталған фактілермен күрес аналитикалық құралдарды пайдалана отырып жүргізілмек.

    Жалпы алғанда, агенттік басшысы бағаны негізсіз көтеруге жол бермеу бойынша жергілікті атқарушы органдармен жұмысты жандандыруды және ықтимал манипуляцияларды болдырмау жөнінде ұсыныстар әзірлеуді тапсырған.

    ҚМА гидротехникалық нысандарды салуға бөлінген қаражаттың жұмсалуын тексереді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.