jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Рамазан Есмағамбетов
    Рамазан Есмағамбетов
    Бұрынғы қызметкер

    Астанадағы Боранбаевқа тиесілі қонақ үй кешені кімге берілгені белгілі болды

    Қайрат Боранбаев
    Қайрат Боранбаев. Фото: instagram.com/kairat4

    Қайрат Боранбаевқа тиесілі Comfort Hotel Astana кешені кімге берілгені белгілі болды. Қонақ үй кешені сенімгерлік басқаруға берілді, деп хабарлайды Астана әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Елорда әкімдігінің ақпараты бойынша, аукцион барысында Invesco PowerShares Capital Management компаниясының атынан бір ғана өтінім түскен.

    Ұлттық статистика бюросының ақпаратына сәйкес, Invesco PowerShares Capital Management ЖШС Астанада 2021 жылы тіркелген. Ол экономикалық, бюджеттік және стратегиялық жоспарлау саласында салааралық зерттеулермен және әзірлеумен айналысады.

    Еске салайық, 2023 жылдың қазанында кәсіпкер Қайрат Боранбаев құны 1,4 миллиард теңгеден асатын Comfort Hotel Astana қонақ үй кешенін мемлекет кірісіне өз еркімен аударған болатын. Оның аумағы 5 мың шаршы метрден асады. Қонақ үй кешенінің жылдық табысы 900 миллион теңгеге жуық.

    Наурызда Қайрат Боранбаевқа тиесілі Comfort Hotel Astana қонақ үй кешенін сату бойынша аукцион өтпегені хабарланған. Сауда-саттық басталған кезде реестр веб-порталында аукционға ешкім қатыспағаны және өтінімдердің болмағаны анықталды.

    Сондай-ақ бұған дейін қонақ үйді сату бойынша аукцион өткені белгілі болды - ол тендер форматында өтіп, сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берілген. Сауда-саттықты Астана әкімдігінің Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы өткізген.

    Астанадағы Боранбаевқа тиесілі қонақ үй кешені кімге берілгені белгілі болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.