jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Аида Тақабаева
    Аида Тақабаева
    Бұрынғы қызметкер

    Туристік маусым әлі басталмаса да, Алакөл мен Балқашқа билет жоқ: министр халықтың шағымына жауап берді

    Алакөл
    Алакөл. Фото: Алматы облысының туристік ақпараттық орталығы

    Мәжіліс кулуарында көлік министрі Марат Қарабаевқа Алакөл мен Балқашқа билетті алыпсатарлар мәселесі қашан шешілетіні жөнінде сұрақ қойылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Журналистер туристік маусым әлі басталмағанын, десе де билеттер қалмағанын атап өтті.

    "Алакөл бойынша 12 пойыз, Балқаш бойынша кондиционермен жабдықталған 3 "Тальго" пойызы шығарылады: Астана мен Алматыдан арзандатылған әуе көлігі болады. Ол субсидияланады.

    Қосымша пойыздарға билет сату әлі басталған жоқ, себебі бұл мақсатсыз пайдалануға әкеп соқтыруы мүмкін", - деді министр Марат Қарабаев.

    Бұдан бөлек ол қосымша жолаушылар вагондары сатып алынып жатқанын айтты.

    "Егер біз өткен жылы 118 вагон ғана сатып алған болсақ, биыл 140 вагон алынады. Келесі жылы 260 вагон сатып алуды жоспарлап отырмыз. Алакөл мен Балқашқа қосымша пойыздар шығарылады, билеттер жақын арада сатыла бастайды", - деді министр.

    Туристік маусым әлі басталмаса да, Алакөл мен Балқашқа билет жоқ: министр халықтың шағымына жауап берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.